Дүниеде барлық адам, барлық халық тәуелсіздік пен бостандықты, теңдікті аңсайтыны анық.Сол жолдағы тынымсыз күрес әлемнің кей елдерінде әліде жалғасып жатқандығы бізге мәлім. Тәуелсіздік ұғымының терең астарын тарих қойнауынан, ата-бабамыздың өткенінен, олардың санғасырлық армандарынан іздегеніміз абзал. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, « Уақыт қарқыны зымыран.Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен қоса ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі де аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар артымызда қалды, сондықтанда мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін. Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын көпке түсінікті, рухани жаңғыруға бағытталған болашаққа жарқын үміт сыйлайтын сенімді құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық , саяси реформалар жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Мақалада айтылған ойлардың тереңдігінен Елбасының тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе айтқанын аңғару қиын емес. Әр халық әр мемелекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімді ұрпақ өз жері мен оның байлығын мәңгі сақтап қалу үшін жаңа технологияларды жақсы меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму жолдары білімді де білікті ұрпақтардың жаңаша қызметтерін талап ететін болса, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген жарқын болашаққа бастайтын жаңа бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, өскелең ұрпаққа жаңашыл білім беруге қойылып отырған талаптарды орындауда елімізде көптеген елеулі жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік қосар үлесі болса, ұлағатты ұстаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген жаңашыл бағыттағы жастарымыз көп болса еліміз өркениетті бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Елбасымыздың рухани жаңғырудағы алға қойған талапты мақсаттарының бірі ол осы бәсекеге қабілеттілік. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығы мен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды жобаларды ілгерлетуі маңызды. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлаудың қамы», — деп ашып көрсетеді. Саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада бәсекеге қабілеттілік болуы тиіс. Рухани жаңғыру жарқын болашаққа бастайтын нақты дара жол. Сол бағытта көзделген нақты қадамдардың бірі латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Қанымызға сіңген ұлтжандылық қасиетімізді бойымызға өшпестей етіп сіңіріп, алға жаңашылдық пен батыл қадам баса білсек, жаңа бағыттағы барша қажеттіліктерді бойымызда ұштастырып, жастарымызды еңбекке қажырлы етіп тәрбиелесек қол жетпес дүние, ала алмаған асуымыз болмақ емес. Сенім мен басылған әрбір қадамнан өшпес үміт күтуге болады. Тәуелсіз егемен еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін, ержүрек ұлтжанды жаңашылдықты сүйетін білімді ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет.Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау екендігін нақты айқындап көрсетті. «Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады» деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдағы онжылдықтардың ұранына «реализм мен прагматизмді» ұсынады. «Жалғандық жарға жығады» дейді қазақ даналығы. Біз бабалар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды нақты жаңғырудың қадамын нық басуға шақырады. Біз ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздікжаңалықтарды дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жас идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз. Елбасының бұл еңбегі – тек Қазақстан халқына ғана емес, жер жүзіндегі бүкіл қазаққа ортақ бағдарлама. Осыған орай, биылғы жылдың маусым айында Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайының өтетінін де айта кеткеніміз жөн. Елбасымыздың жаңа еңбегі осы құрылтайда да жан-жақты сөз болатыны анық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Елбасы Нұрұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәулсіз еліміздің даму бағыты өрілген өзекті мақала екені даусыз.
Жарекешов Жексенбай,
№9 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі,
Жаңаөзен қаласы