Home » Ашық сабақтар » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАТАҚХАНА ЖҰМЫСЫН САПАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАТАҚХАНА ЖҰМЫСЫН САПАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда мектептердің білім беру және жас ұрпақты тәрбиелеуде орны ерекше.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.

Тәрбиеленушілерімізді осы бағытта тәрбиелеп, әлемдік білім ошақтарынан тереңдетілген білім алып халқымыздың игілігіне жұмыс істеуге баулуымыз керек. Мемлекет басшысының Үндеуіндегі «Білімнің салтанат құруы» бөлімінде осыны меңзеп, халықты жаппай білім алуға шақырады.

Мектеп-интернатқа қабылданған тәрбиеленушілерді жатақхана өміріне бейімделуіне жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.

Мектеп-интернатымызға жаңа келе салып, бала мектеп-интернат өміріне бірден қалыптаса қоймайды. Бұл қалыптасу, яғни мектеп-интернат өміріне ену бүкіл І жартыжылдық кезеңі барысында жүзеге асады. Баланың психологиялық қиындықтарға тап болуының алғышарттарының бірі, оның «әлеуметтік жаңа даму жағдайына» енуі, яғни ішкі жаңа бағыт-бағдарының өзгеруі. Мұның барлығы баладан күрделі психологиялық қайта құрылуды талап етеді.

Тәрбиеленушіні мектеп-интернат өміріне бейімдеуде мектеп, ұстаз, ата-ана тәрбиесінің маңызы зор. Ол үшін біздің мектеп-интернатымызды үштік одақ (бала, ата-ана, мұғалім) жұмысы жолға қойылған және жыл бойы жұмыстар атқарылып келді.Нәтижеге бағытталған үштік одақ ұйымының жұмысын нығайтуда тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі — мектеппен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық. Жеке тұлғаны нәтижелі тәрбиеге бағыттауда ата-аналарды сыныптық, мектепішілік бейімдеу, мәдени, ағарту жұмыстарына тарту.

Мектеп- интернат пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып тәрбиешісі негізгі рөл атқарады.Тәрбие саласында ата-анамен жағымды қарым-қатынасты реттеуде тәрбиеші небір қиыншылықтарға тап болып жатады. Осындай кедергіні жою мақсатында ата-аналармен түрлі іс-шаралар өткізу баланың мектеп-интернат өміріне тез бейімделуіне,тәрбиесіне оң нәтиже береді.Үштік одақтың тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп-интернат, ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Ата-аналардың ауызбірлігі нығаяды, жас ата-аналар бала тәрбиесіндегі өздерін ойландырып жүрген сауалдарға жауап тауып, сабырлылыққа бейімделеді.Сыныпта жақсы ахуал қалыптасып, тәрбиеленушілердің білім сапасы артады.

 

2018-2019 оқу жылындағы жатақхана бойынша жүргізілетін жұмыстардың басым бағыттары:

 

  • Интернат тәрбиеленушілерінің тұрмыс жағдайын қадағалау
  • Тәрбиешілердің жұмыстарын ұйымдастыру
  • «Нәтижеге бағытталған үштік одақ» жұмысын инновациялау+
  • Интернат кеңесі
  • Мектепішілік желі
  • Жатақхана ішіндегі мүліктердің сақталуын бақылауға алу
  • «Өзін-өзі басқару» жобасы
  • Аккредитатцияға бағытталған жұмыстар
  • «Бос уақыт және хобби» жобасы бойынша оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру
  • «Тәртіп. Құқық. Мәдениет» жобасы

 

Осы басымдықтарды басшылыққа ала отырып биылғы оқу жылында жатақхана бойынша жүргізілетін жұмыстарды жоспарлап, сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізе отырып, тәрбиеленушілеріміздің бойына ұлттық сананы сіңіре отырып, бәсекеге қабілетті, ұлттық бірегейлікті сақтайтын, ұлттық сана-сезімі кеңейген, ұлттық құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын, санасы ашық ұлтжанды болашағымызды тәрбиелеуге бағыттау басты мақсат.

Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Елбасы мақаласында 21 ғасырда ұлттық санаға қатысты және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағытын атап көрсеткен: латын əліпбиіне біртіндеп көшу, “Жаңа гуманитарлық білім”, “Туған жер” бағдарламасы, “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” жобасы, жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық мəдениет жəне еліміздің 100 жаңа тұлғасы. Олардың қай-қайсысы да өте маңызды. Біздің бүгінгі ең басты мақсатымыз – әлемдік өркениетке еніп, дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз.

«Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс — біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.» — Н.Ә.Назарбаев.

Жүсіпова Сандуғаш Мәлікқызы,
Қызылорда қаласы,
Қызылорда облысының білім басқармасының
Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған
№ 4 облыстық мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі интернат меңгерушісі.

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.