Рухани жаңғыру — қарқынды дамудың жаңаша жүйесіндегі ерекше бағдарлама. Қоғамның жан-жақты жетілуі, мәдени өсуі, оның жоспарлы мақсаты. Осы мақсат негізінде елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда барлық білім ордаларында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай іс-шаралар біздің білім ордамыз І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінде де қарқынды түрде жүріп жатыр.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың оқушыларды тәрбиелеуге қосар үлесі мол. Атап айтар болсам, мақалада жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мектебімізде 20-қараша күні сағат 10-да 5-7 сыныптар арасында «Туған жерге туыңды тік» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау; заманауи Қазақстандық өнерді дамыту; жаңаша дүниетанымдық көзқараспен жұмыс жүргізу; дарынды талант иелерін таңдау мақсатында өтті. Байқауға әр сыныптан бір оқушыдан қатыстырылып, байқау өнерпаздары жүлделі орындармен марапатталды.
Осы мақала аясында ұйымдастырылға «Жас тарихшылар сьезі» облыстық ғылыми — практикалық конференциясында сапалы баяндама жасап ІІІ орын алған 10-сынып оқушысы Алиакбар Нұрила дипломмен марапатталса, үздік шәкірт дайындағаны үшін Жолдасова Самал Сабыровна алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талдау барысында 10-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында слайдтар көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Оқушылар дөңгелек үстел барысында тек ғана бағдарлама аясында жұмыс істеп ғана қоймай, оқушы жанының рухын көтеруде көп үлес қосатындарын көрсетті.
Қорыта келгенде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мектебізде өткен іс-шаралар оқушылардың бойында өзінің еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін оятумен қатар, өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін де арттыруда.
Жолдасова Самал Сабыровна,
ОҚО, Созақ ауданы, Таукент кенті,
І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі