Home » Жаңалықтар » Рухани  жаңғыру: жастар- ұлт келбеті

Рухани  жаңғыру: жастар- ұлт келбеті

2019-жылдың – Жастар жылы деп жариялануымен Жезқазған қаласының 65 жылдығына орай 2019 жылдың 27 наурызынд  «Рухани жаңғыру: жастар- ұлт келбеті» атты тақырыбында «Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ» КММ-нің  педагогикалық  ұжымының ұйымдастыруымен педагог — жас мамандардың бастамалары   мен   кәсіби  құзыреттілігін, шығармашылық даралылығын   және педагогикалық   әлеуетін  арттыру мақсатында «Нұр Отан» ҚБ ЖҚФ төрағасының  І-ші орынбасары Г.И.Қаженова мен Жезқазған қаласының білім бөлімінің   қолдауымен аймақтық  ғылыми — практикалық   конференциясы   ұйымдастырылды. Конференцияға  қатысушылар зерттеу жұмысын баяндама түрiнде көрсетті.

Конференцияның мақсаты педагог-жас мамандардың бастамалары мен кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық даралылығын және педагогикалық әлеуетін арттыру, жеке дара шығармашылық  қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету болды. Конференцияға Жезқазған қаласы мен Кеңгір, Талап, Сарысу елді-мекендерінен 27 баяндама түсіп, баяндамалар сараптамалық топ шешімімен іріктеліп, 11 баяндама үздік деп танылып конференцияда қорғалды. Конференция қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Ә.Б. Даниярова Жезқазған қаласының №3 ЖОББМ»КММ-нің  информатика пәнінің мұғалімі, жүлделі ІІ орынды  Г.М.Тыныбекова «Кеңгір  селосының № 2 ЖОББМ» КММ-нің ағылшын пәнінің мұғалімі мен М.А.Отенбаева Жезқазған қаласының №13 ЖОББМ»КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жүлделі ІІІ орынды Қ.Ж.Жаужанбай №7 Сарысу жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі, С.М.Каражигитов    Жезқазған қаласының №3 ЖОББМ» КММ-нің  информатика пәнінің мұғалімі мен  Ж.Ә. Тілен  Жезқазған қаласының №1 ЖОББМ» КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі иеленді.  Жеңімпаздар мен тәлімгерлер арнайы дипломмен және алғыс хатпен марапатталды, ал қалған баяндамалар жинаққа еніп, авторларына сертификаттар табысталды.

Конференция жұмысы жас мамандарға өз тәжірибелерімен бөлісуге және өздерінің ұстаздық өмірлерінде болашаққа нық қадам жасауға мол мүмкіндік берді.

Қоғамова Мөлдір Мұқатайқызы
Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы «Кеңгір
селосының № 2 ЖОББМ» КММ

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.