Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тәрбие және қоғамдық жұмыстарды іске асыруда университет жанындағы Олжас Сулейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты, Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент, студенттік жастар ұйымдары, Қазақстан тариxы және Қазақстан xалықтарының мәдениеті» кафедрасы Зиялы қазақ» пікірсайыс клубы 2-4 Наурызда «Рухани жаңғыру жастар назарында» атты Ректор кубогіне арналған Республикалық дәстүрлі пікірсайыс турнирі өте тартысты өтті. Пікірсайыстың мақсаты – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған идеяларды студенттер арасында кеңінен насихаттау, қоғамдағы ең өзекті мәселелерді талқылап, сарапқа салу, жастардың саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымын арттыруға ықпал ету еді. Дебат турнирі қазақ тілінде екі формат бойынша өтті:
- американдық-парламенттік формат;
- Линкольн-Дуглас форматы. Турнирге республикамыздың 7 аймағынан – нақты айтқанда: Қызылорда, Ақтөбе, Семей, Шымкент, Тараз, Балқаш, Павлодар және Алматы қаласының 20-дан астам жоғары оқу орындары қатысады.Турнирде жалпы саны – 60 команда ой жарыстырып, бақ сынайтын болады.2-орын «Моно» фракциясы Жакен Нұрхан (Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті),Жакен Нұркен (Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті)«Үздік спикер» номинациясыКаметаева Еркежан (Cемей мемлекеттік медицина университеті ), «Үздік төреші» номинациясыПірімбет Жансая (Қазақ ұлттық аграрлық университеті)–арнайы кубоктармен, бағалы сыйлықтармен, сертификаттармен марапатталды.
- 3-орын «Аңырақай» фракциясы Ерғали Абуғали (Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті),Әмре Жандос (Алматы,Халықаралық бизнес университеті).
- Турнирдің қорытындысы бойынша 1, 2, 3 орын алған командалар, 1-орын «Тики така» фракциясы, Жаналиев Сағат (Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті),Аңдашов Асылхан (Алматы, Халықаралық бизнес университеті).
- Ректор кубогіне арналған биылғы турнирге еліміздегі 38 жоғары оқу орнынан командалар келіп отыр.