Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін қалың бұқараға жеткізіп, кең көлемде насихаттау жұмысына ерекше мән беріліп отыр. рухани жаңғыруға өзіндік үндерін қосып, маңызды басқосулар мен келелі кездесулер ұйымдастырып өткізуде. Солардың бірі «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» атты кездесу кеші. Арқалық қаласында өткен кездесуге Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының Тәрбие және әлеументтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полкрвник -Савердин Имиров қатысты. Жергілікті БИЛІК ӨКІЛДЕРІМЕН ҚАТАР қОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН ұЛТТЫҚ ҰЛАН 6697 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ұйымдастырды. Шара барысында ПОЛКОВНИК Савердин Имиров Елбасының бағдарламалық мақаласына байланысты өз ой-пікірін білдіріп, жалпыұлттық патриотизмді дәріптейтін «Туған жер» бағдарламасы, ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін көрсететін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы туралы және ел болашағы үшін үлкен міндеттер жүктейтінін мақаланы жұртшылыққа жеткізіп, маңызды бағдарламаның мән-маңызын саралап айтып берді.Соынмен қатар Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана –тілін білуі мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады.Бұл ретте өзімідің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз. Шараға ардагерлер,студенттер,мектеп оқушылары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.Кездесуде мәңгілік ел болудағы рухани жаңғырудың маңыздылығы, ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың ролі тақырыбында ашық әңгіме айтылды.
Кіші сержант Қымбат Шұғайып
6697 әскери бөлімі, Қостанай облысы