ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.
Қазіргі кездегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерін жан – жақты қалыптасуы мен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік – экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда. Елбасының соңғы мақаласы еліміздің алдағы уақыттағы әлеуметтік және идеологиялық даму бағдарын айқындаған маңызды жайттарды баяндайды. Елбасы әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін алға тарта отырып, бәсекелестікке барынша бейім ұрпақ өсіруге, оларды күрескер етіп тәрбиелеуге айрықша тоқталады.
Еліміздегі үлкен жобалардың бірі болып «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл жоба әлемдегі озық, заманауи және таңдаулы үлгідегі сапалы білім беру болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар» — деп баса айтқан болатын. Мақалаға көз жүгіртетік болсақ, екі ауқымды тараудан тұрады. Соның ішінде педагог ретінде қарайтын болсам «Білімнің салтанат құруы» атты бағытын басты назарға алдым. Әлемдік өркениетке жетудегі бірден бір дара жол – сапалы білім алу. Ал сапалы білім алудың басты қайнар көзі мектеп болып табылады. Осы мектепте жүйелі қаланған білім негізі егеменді еліміздің ұл-қыздарының болашағына айқын жол ашып, оның жеке тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. Еліміздің мәдениетін, экономикасын, ғылымын өркендету жолында біз тек білімімізді пайдаланамыз. Қазіргі заман мұғалімеріне тек өз пәнін жетік меңгеру аздық етеді. Олардан тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Жаңа заманның жаңа ұстазы жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісінде оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болуы керек. Біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз – туған халқының мүддесін қорғай алатын, түпкі мақсат-мұраты айқын, адамзаттық құндылығы биік ұрпақ тәрбиелеу.
Қазіргі оқу процесінде критериалды бағалаумен белсенді қолданылып жүрген қашықтан оқыту мен электрондық оқытудың жетілдірілген түрі, ол смарт оқыту. Сөздің түбіріне келетін болсақ, «smart» cөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді. Смарт оқыту – білім берудің жаңа бағдары, яғни «ақылды» оқыту немесе әлеуметтік желілер арқылы оқыту.
Смарт оқытуды енгізу үшін, оқу үдерісінің жоғары дәрежелі технологияландыру мен автоматтандырылуы, кез келген жерде жоғары жылдамдығы бар сымсыз ғаламтор мүмкіндігіне арналған барынша мобильікпен қамтамасыз еті, педагогтар жоғары дәрежелі технологиялық құзыреттілікке ие болуы қажет.
Смарт оқыту жүйесін жүзеге асыруда оқу орнындағы білім алушыларға арналған құрылғылар жинағы (компьютерлер, интерактивті тақталар, электрондық оқулықтар, ноутбуктер, планшеттер, смаротфондар) техникалық база бола алады.
Сандық сауаттылық, яғни «Оқытудағы және оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», тиімді және шығармашыллық түрде қолдану өмір үшін оқытудың басты дағдысы ретінде анықталған. «Оқу мен оқытуда АКТ-ны қолдану» — «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университеті Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген бағдарламасында қарастырылатын жеті тақырыптың бірі болып табылатыны сөзсіз. Алайда, сандық технология жұмысты жаңа ғана бастаған мұғалімдер үшін АКТ-ны енгізу жөніндегі міндеттері қиын болып көрінуі мүмкін.
Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол алдында отырған балаларға өмірдің барлық саласына қатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек. Балаға ұстаздың сыртқы келбеті, жұмыс істеу әдісі, өз пәнін жетік білуі, ашық-жарқын, ерекше тұлға болуы үлкен әсер етеді. К.Д. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімділігі жойылады» — деген екен. Шын мәнінде білім беруде оқытудың озық технолгияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ұстаздың міндеті-жас ұрпаққа сапалы білім беру, ғылымға баулу, тәрбие беру.
Егеменді елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да елімізде білім саласына жылдан жылға айрықша көңіл бөлініп, білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру мақсатында көптеген ірі реформалардың бірі – оқушы білімін критериялды бағалау.
Бүгінгі күнде интернетке деген қолжетімділікті арттыруға мемлекеттік деңгейде зор көңіл бөлінуде. Қазақстанда интернет тұтынушылардың саны, соның ішінде мобильді интернет тұтынушылар күн сайын артып келеді. Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы интернеттің енуі 70%-ды құрайды. Әр мемлекет жасанды интеллектіні өз тілінде сөйлетуге тырысуда. Себебі болашақта есептеу қуаты мықты компьютерлер ғана тілді сақтау және оны дамытумен тиімді айналыса алады. Сол себепті дамыған елдерде компьютерлік лингвистикаға жете назар аударылып, осы саланы дамытуға қыруар қаражат бөлінуде.
Бұл өзгеріс мұғалімдер қауымынан көп еңбек етуді, ізденуді талап етеді. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мін беріліп, олармен өзара сенімді қарым-қатынас орнату үшін оқушының білімін дұрыс, ашық түрде бағалау керек. Ол критериалды бағалау жүйесінде іске асырылады.
Бұл тек маңызды деген технологиялық шешімдер ғана. Бұдан өзге эволюциялық емес, революциялық жолмен дамып жатқан көптеген технологиялар бар. Осы орайда мемлекеттік тіл саясатын жүргізіп жатқан органдар мен тіл білімімен шұғылданушы мекемелер аталған технологиялардың дамуын жіті бақылып, ескеріп отыруы керек. «Рухани жаңғыру» идеясы – қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат еткен бірегей жоба. Бұл бағдарламаны жариялағандағы Елбасының мақсаты – қазақстандықтардың рухани құндылықтарын қайта оятып, Қазақстанды әлемдегі өркениетті елдердің отыздығына ендіру болатын. Ал, бұл мақсаттың жүзеге асуына бүкіл ел мүдделі болғандықтан, қазірдің өзінде қазақстандықтар бағдарламаның іске асуына атсалыса бастады.
«Рухани жаңғыру» ең алдымен жастардан басталуы керек. Өйткені, өскелең ұрпақ – Қазақстанның болашағы. Сондықтан жастар тәрбиесі бүгінгі күн тәртібіндегі басты тақырып. Ал, оларды тәрбиелеумен айналысатын мұғалімдер қауымы да шет қалмай, Елбасы бағдарламасының қыр-сырын меңгеруі тиіс. Сол себепті, қоғамдық сананы жаңаша жаңғыртуда мектептер мен жоғарғы оқу орындарының білім беру және жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде алар орны ерекше. Табысты болудың ең басты факторы — білім екендігін әркім терең түсінуі керек.
Айгерім Қамалиден,
Ж.Мусин атындағы
Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық
колледжінің информатика пәнінің оқытушысы