Home » Балабақша » Рухани жаңғыру – болашақтың жарқын айнасы

Рухани жаңғыру – болашақтың жарқын айнасы

Жуырда, Алматы қаласы Жетісу аудандық №175 бөбекжай-балабақшасында ортаңғы «Ботақан» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру – болашақ жарқын айнасы» атты аудандық семинар болып өтті. «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Марат Ерасылдың орындауындағы «Бүркіт биімен» ашылған семинар ізінше шаттық шеңберіне ұласты.

Бұдан кейін, өз елінің патриоттары болып өсіп келе жатқан балақайлар ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін жиылған қауымға паш етті. Атап айтқанда ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Әбдеш Айнар «Үш бақытым» әнімен, дәл осы топтағы Әділбек Айша мен Садырбай Алихан есімді ұл-қыздар «Балабақша» әнімен жиналғандарды бір қуантып тастады. Артынша сахналық қойылым жас балақайлардың тәрбиешілерімен бірге жайлаудағы әжелеріне саяхатқа баратын «Тұсаукесер» көрінісне жалғасты.

Атына заты сай болған көріністе, қонаққа келген Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы Шайгүл апайдың немересінің тұсауын кесіп қазақтың кезекті бір салт-жорасын тәрбиеленушілерге көрсетіп берді.Аталмыш шара жайында топ тәрбиешісі Ахметова Айгерім Кешубайқызы: «Шара жаңа жетіліп келе жатқан ұрпақтың бойына отансүйгіштікті сіңдіріп, оларға ұлттық дәстүрлерімізбен танысуға септігін тигізеді», — дейді.

Семинарға сонымен қатар, аудандық оқу бөлімінің бас маманы Ә.Қазыбекқызы, Жетісу аудандық әдіскерлер бірлестігі және ҚМҚК «№175 бөбекжай-балабақша» педұжымы қатысты. «Ұйымдастырылған іс-шараның жоғары деңгейде болғандығы семинарға қатысқан қонақтардың көтеріңкі көңілінен-ақ байқалып тұрды.

 

 

 

Дінмұхамед МҰХАМЕТЖАН,
Алматы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.