Home » Ашық сабақтар » Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар

Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар

Ашық ұйымдастырылған іс –әрекеттің мақсаты: Рухани жанғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Балалардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті,слайд, ЭКСПО-2017 көрменің суреті
Блингвалдық компонент: Елбасы-Президент страны, Астана қаласы- город Астана
Әдіс –тәсілдер: Түсіндіру көрсету, сұрақ – жауаптар, тақпақтар айту
Залға балалар мен тәрбиеші музыка әуенімен кіреді.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы.Өте керемет!
Тәрбиеші: Қане балалар апайлармен амандасып алайық
Балалар: Сәлеметсіздерме апайлар!
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кеңге ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын тек аспан
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз!
Тәрбиеші: Біздің мемлекетіміз қалай аталады? Кім айтады?
Балалар:Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші:Елбасымыз кім?
Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді?
Балалар:Елтаңба, ту, әнұран.
Тәрбиеші:Елтаңба туралы тақпақ кім айтады?
Нұрислам:Тәуелсіздік жолында,
Талай талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім Елтаңбам.
Жібек: Қазақстан Атамекен құт қонған жер
Кең дала суы мөлдір нұр тұнған жер
Көк орай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер
Хор: Менің Қазақстаным
Тәрбиеші:Балалар іс шарамыздың тақырыбы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жанғыру, болашаққа бағдар атты» жолдауы. Рухани жанғыру дегеніміз: әр елдің азаматы, азаматшасы өз елінің, жерінің әдет ғұрпын, салт дәстүрін, экономикасын бүкіл әлемге шығарып танытып жақсы жағынан көрсетіп бүкіл әлемдік елдермен қатарлас болу. Терезесі тең, керегесі кең ел қатарына қосылу.
Тәрбиеші: Балалар біздің астанамыз қай қала?
Балалар: Астана қаласы.
Тәрбиеші:Астана қаласында 2017 жылы көрме болды. Астана елордамыз болғандықтан өте әдемі қаланың бірі.Ол жерге бүкіл әлем өз елінің салтын, әдет-ғұрпын, қолөнерін таныстырып үлкен көрме ұйымдастырды. Біздің Қазақстан халқының әдет ғұрпын, қолөнерін таныта білдік.Біздің қазақ халқы кішіге ізетпен, үлкенге құрметпен қарайды.Үлкенді сыйлаймыз ата – әжемізді, аға әпкемізді сыйлаймыз.Кішілерге құрметпен қараймыз. Біздің мәдениетіміз өте жоғары деңгейде дамыған.Қолөнеріміз қандай? Қолынан бал тамған әжелеріміз сырмақты да сырған, көрпені де жасаған.Қолдарынан келмейтін дүние болмаған. Біз жастар ата – әжелерімізге қарап өсуіміз керек.Міне балалар біздің мәдениетіміз қандай екенін көрдіңдер.
Ендеше балалар, мынаған назар аударайық. Мына алдарыңда тұрған шағын көрме.Бұл жерде нені таныстырамын? Бұл жерде қазақтың қолөнерін, мәдениетін тереңірек танысып, сендер өз қолдарыңмен үлестеріңді қосып кетсе деп ойлағамын.
Тәрбиші: Балалар мына менің қолымдағы қазақтың ою өрнегімен жасалған дүние не нәрсе?
Балалар:Гүл
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар түстері көп гүлге ұқсайды.Түстері қандай?
Балалар: Қызыл, жасыл, сары, көк. Ортасында ою өрнек
Тәрбиеші: Мына аспапты қараңдар.Бұл қандай аспап?
Балалар. Домбыра.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар .Домбыра бізге не үшін қажет?
Балалар: Домбырамен өлең айтамыз,күй шертеміз.
Тәрбиеші: Біздің Құрманғазы атамыз, Дина апаларымыз бар. Күй шерткен. Айтыскер ақындарымыз бар. Осы қасиетті қара домбыра арқылы бүкіл әлемге даңқы шыққан. Солар сияқты болғыларың келе ме?
Балалар: Ия болғымыз келеді.
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар. Мынаған қараңдаршы мынау не балалр
Балалар: Қылыш
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қылыш біздің ата –бабамыздан келе жатқан мұра. Бұны не үшін ұстаған балалар?
Балалар: Наурызбай, Бөгенбай батырларымыз жауға шапқан
Тәрбиеші: Міне балалар сол батырларымыздың арқасында осындай тәуелсіз, егеменді елде өмір сүріп жатырмыз
Тәрбеші: Ал мынау не?
Балалар:Қамшы.
Тәрбиеші: Қамшы не үшін қажет?
Балалар: Атқа мінгенде қолына ұстайды.
Тәрбиеші: Атқа мінген кезде әр ер азамат қолына ұстап атпен шабады. Кішкентай сәби бесікте жатқан кезде басына іліп қойған. Себебі ол өскен кезде ел қорғайтын батыр болсын деп биікте ұстаған.
Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ
Уықтары шаншылап
Керегелер керіліп
Өрімдей боп өрілген
Бәріміз жүрсек айналып
Киіз үй боп көрінер
Дефектолог кіреді: Артикуляциялық жаттығулар
1. «Ат шауып келеді» (Күлеміз, аузымызды ашамыз, тілдің ұшын таңдайға апарып тақылдатамыз)
2. «Кесе»( Ауыз кең ашып, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10- 15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек)
Тақпақтар:
Айару:
Ит күшікте ырылдайды
Мысық пеште пырылдайды
Неге екенін білмеймін,
Р-ға тілім келмейді.
Р дегім –ақ келеді,
Л боп шыға береді.
«Марат» деп ем,
«Малат» болды.
Сары ат деп ем, Салат болды
Мансур: Сөз ішінде сыйым боп,
Жазылсам да әрдайым.
Айтылуым – қиын! –деп,
Қайғырады Р- әрдайым
Күлсең мейлі күле бер,
Мұнда шындық бар бірақ.
Қашан көрсең, жүреді ол,
Мойны түсіп салбырап
Жаңылтпаштар
Айсұлтан: Біздің ел – күрішші
Ырысты – күрішті.
Күрішті оруға,
Ырысты кірісті.
Самғат: Жақсы қайшы,
Қайсы қайшы.
Бақдәулет: Құрақ құрап көрпе көктеді,
Қырық құрақ көрпе көктеді.
Дефектолог: Бүгінгі тақырыбымыз: Рухани жанғыру. Экранға қарайықшы не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Қыран құсты
Дефектолог: Түсі қандай?
Балалар: Әр түрлі
Дефектолог: Олай болса балалар қыран құсты құрастырамыз.
І топ қыран құсты құрастырамыз,
ІІ топ қамшы өреміз,
ІІІ топ кілемшені ою өрнекпен безендіреміз.
Қорытындылау: Бүгінгі «Рухани жанғыру, болашаққа бағдар атты» ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізді «Қазақстан-Отаным» әнімен аяқтайық.
Хор: «Қазақстан-Отаным»
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.

 

Ауелбекова Ақсәуле,
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
МКҚК «Шапағат» бөбекжай балабақшасы
дефиктолог тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.