Home » Ашық сабақтар » Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар (тәрбие сағаты)

Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар (тәрбие сағаты)

Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі идеялары мен басым бағыттарын айқындау. Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Оқушының қабілеті: Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары: сыныптастық, жауаптылық, ашықтық.

Мектеп миссиясымен үндестігі: Өзінің даму барысында өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткер жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру.

Жаһандық азаматтық тұлғасы: Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрлерін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, бейнебаян, түрлі-түсті парақшалар.

Сабақ кезеңдері: Мұғалімнің әрекеті.

Ұйымдастыру кезеңі:

Топқа бөлу. Оқушыларды екі топқа бөлу. І топ – «Болашақ», І І топ – «Жаһандану».

Сергіту сәті: «Жел мен кеме» ойыны.

Негізгі бөлім. Мұғалімнің сөзі: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру басым мемлекеттер қатарына шықты. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Құжатында — Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғырын, жеті құндылығын ұсынған:

  • Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Астанасы;
  • Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;
  • Зайырлы қоғам және жоғары руханият;
  • Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өнім;
  • Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;
  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
  • Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылды. Жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі аталған құндылықтарды жастарға насихаттаумен байланысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласы – Назарбаев зияткерлік мектептерінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының басты ерекшелігі. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш мақала кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. Мақала жайында бейнеролик көрсетіледі.

«EXPO-2017» көрмесі бойынша көрмені тамашалаған оқушыларға сөз беріледі.

Топтық жұмыс: «Тәрбие көзі – халықта». Екі топқа берілген тақырыпқа мақал-мәтелдер айтып жарысу. І топқа «Отбасы», ІІ топқа «Туған жер» тақырыбына байланысты.

Постер дайындау және қорғау. Екі топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. І топқа: «Туған жерге туыңды тік!», ІІ топқа «Туған жерге не бересің?»

Аяқталмаған сөйлем: «Рухани жаңғыру – …………..» Мысалы: «Рухани жаңғыру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»,  «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі», «Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»…

Қорытынды бөлім. Рефлексия. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, жаңалықтар ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, қазақ елінің ертеңгі болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ сіздерсіздер. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүрудің жолдарын үйренулеріңіз керек. Бүгінгі таңдағы рухани жаңғыру мен жаңаруда білімді болудың маңызы зор. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» деген ұлы Абай атамыздың сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймын.

Жарылғапова Дариға Мұратқызы,
Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы
 «Январцев орта жалпы білім беретін «мектеп-балабақша» кешені» КММ-нің
екінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.