ОРУНБАСАРОВА Гүлзада,
Павлодар ауданы, Красноармейка ауылдық округі,
«Красноармейка сәбилер бақшасы» МҚКК
«Балапан» тобының тәрбиешісі.
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлтық құндылықтарды жаңғырту.
Міндеті: Балалардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрметін сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлтық рухты сіңіру.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап.
Көрнекілік: Суреттер мен құралдар
І.Негізгі бөлім:
Шаттық шеңбері: Күн шуаққа малынып,
Күн шығады аспаннан.
Шуақ нұрын себелеп,
Жылытады құшақты.
- Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
- Қазақстанда.
- Сендер Қазақстан Республикасының Әнұранын білесіңдер ме?
- Иә.
- Жақсы. Жарайсыңдар! Олай болса, қане, бәріміз қосылып, Қазақстан
Республикасының Әнұранын айтайықшы. (Мемлекеттік Әнұранның музыкасы ойнатылып балалармен бірге айтылады).
- Жарайсыңдар, балалар!
Балалар орындарына отырған соң, тақырып одан әрі ашыла түседі.
— Балалар, біздің еліміздің президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Енді балалар мемлекетіміздің Туы қандай түсті? (Көк)
— Ондағы бейнелер қандай? (Қыран құс, ою – өрнек, Күннің шуағы)
— Дұрыс, балалар, ондағы қыран құс халқымыздың болашағы зор әрі тәуелсіз болсын деген тілекпен салынған. Ал, қыранның үстіндегі күннің көзі ол халқына мейірімділік пен шуағын сепсін деген ниетіпен салынған. Шетіндегі ою-өрнектер ол халқымыздың сал-дәстүрінен таймасын деген ниетпен салынған. Осы суреттің барлығы алтын түспен бейнеленген. Сондықтан, балалар, біз өз Туымызбен мақтанып, оны биік-биік белестен көрінуіне ат салысумыз керек. Мінекей, балалар, бір ғана Туымыздың қаншама тарихы жатыр?!
— Ал, балалар, енді еліміздің Елтаңбасы туралы не білесіңдер? Елтаңбада не бейнеленген?
— Елтаңбаның пішіні дөңгелек, дәл ортасында шаңырақ – ол бір үйдің балаларындай татулық, Күн сәулесі – жылы шуақтарын шашушы, уықтар – керегелері тең мықтылықты, қанатты пырақтар – жаманшылықтан сақтау үшін, жұлдыз – жұлдыздай жарқырап тұру мағыналарын береді және ҚАЗАҚСТАН деген жазу жазылған. Осылардың бәрі алтын түспен жазылған.
Ортаға Аяулым мен Іңкәр шығып, Отан туралы мақал-мәтелдерін айтады.
Аяулым: «Отан – отбасынан басталады»
Іңкәр: «Отан – оттанда ыстық»
— Жарайсыңдар, орындарыңа отыра ғойыңдар.
Балаларға домбыра жайлы әңгімелеу. Ою-өрнектер туралы қысқаша мәліметтер беру.
«Асық ату» ойыны ежелден келе жатқан ойындардың бірі. Ол ерте заманда қазақ балаларының сүйікті ойыны десек, қателеспейміз. Ол ойынның ерекшелігі балалар кезек – кезек тізіліп тұрған асықты атып құлатуы қажет. Асық — ол қойдың аяғынан алынатын сүйек. Қазір бәріміз асық ату ойынын ойнап көрейік.
- Иә. (Балалар жауап береді)
- Ол үшін маған 5 бала керек. 5 бала ортаға шыққаннан кейін ойынның шартымен
балаларды таныстыру. Асық ату ойыны ойналады. Ойын аяқталғаннан кейін, балалар өз орындарына жайғасып отырады.
— Балалар, сендер қамшының не екенің білесіңдер ме?
— Иә.
— Ондай болса, қамшыға мағлұмат беріп кететін болсам, ол ерте заманда ат үстінде аталарымыз қамшымен атты үркітіп мал айдаған. Қамшының тағы бір ерекшелігі ертеде әжелеріміз оны қасиетті зат ретінде пайдаланып адамдарды емдеген. Қамшы негізі аңдардың аяқтары мен терісінен жасалады. Үлкен аталарымыз қамшыны алты, тоғыз өрім етіп жасаған. Қамшыны аттауға және оны жерге лақтыруға болмайды.
— Ал, енді, тағы бір ойын ойнайсыңдар ма?
— Иә, ойнаймыз.
— Ойынның аты — «Көкпар». Ол үшін екі топқа бөлінеміз және бұл ойынға ұлдар қатысады. Ортаға ұлдар шығып екі топқа бөлінеді. Оларға «Көкпар» ойынының шарттары таныстырылады.
- Бәрекелді, балалар, сендер нағыз жеңімпазсыңдар! Енді орындарыңа жайғасып
отырыңдар.
ІІ.Қортынды:
- Балалар, бүгін сабақта не туралы әңгіме айттық?
Сабақ соңында балаларға тілек: Алда әлі ұзақ жол бар, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықтарды жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімдер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екендерің естеріңде болсын!