Жүргізуші: Армысыздар құрметті әріптестер! «Рухани жаңғыру- болашаққа» бастар жол тақырыбындағы концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ.
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала –ата жұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Қазақ халқы азаттық жолындағы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, қонақжай.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына жолдау жолдап келеді.
2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабілеттілік.» Осы жолдау аясында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары кеңінен насихатталуда. Аталған мақалада 6 бағыт туралы айтылған. Осы мақала негізінде ұйымдастырылған
Рухани жаңғыру- болашаққа бастар жол тақырыбындағы концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Туған елім — гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін
Лүпілдеген жүрегім! деп сахнаға елін сүйген «Жасұлан» тобының
тәрбиеленушісі Ерсұлтан Аяулымды «Туған жер» әнімен қарсы аламыз.
Ән: «Туған жер »
Жүргізуші:
Билеріміз сондай әдемі ,
Тәрбиешілер бар тербелген .
Нәзік сазды әуенмен ,
Мың бұралып билейміз – дей келе тәрбиешілеріміздің орындауындағы «Әке
толғауы » биін қабыл алыңыздар.
Би: « Әке толғауы »
Жүргізуші:Туған тілім-айбыным,
Туған тілім-ай күнім.
Туған тілде айтылар
Жүректен шығар ән-жырым дей келе кезекті көркем сөз мәнерлеп оқуға берейік.
Көркем сөз мәнерлеп оқу.
Иманғали Айбарали — «Рухани жаңғыру »
Бұл жаңғыру бастамасы ғажаптың
Бұл жаңғыру астанасы лаззаттың
Жалғаны көп сахнасында жаханның
Мәдениетін мойындату қазақтың
Бұл жаңғыру тарихи сәт сауапты,
Сауапты іске бәрімізде жауапты:
Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,
Ұрпағымыз болсын десек сауатты.
Бұл жаңғыру Туған жерді түлету,
Ең даланың кең құшағын гүл ету.
Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік-
Бар қазақтың арман-жырын бір ету.
Мұқаш Алихан – «Менің елім»
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі
Күн астында көк төбелер түледі.-
Менің елім, менің елім, гүл елі!
Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді.
Менің елім, менің елім, жыл елі!
Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан
Менің елім, менің елім – гүлстан !
Сақтаған Асылхат – «Туған жер»
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй ,-деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті
тәрбиешілеріміздің орындауындағы «Маңғыстау» әніне береміз.
Хор: «Маңғыстау»
Жүргізуші:
Қозғалыссыз өмір жоқ ,
Би сүймейтін бала жоқ-деп ақындарымыз жырлағандай «Ертөстік » тобының
тәрбиеленушілерін «Балауса» биімен қарсы алыңыздар.
Би: «Балауса»
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан – деп «Ертөстік тобының» тәрбиеленушілері Иманғали
Айбарали мен Нұрдаулет Анисаның орындауында «Тұлпарым» әнін қабыл
алыңыздар.
Ән: « Тұлпарым»
Жүргізуші: Ана тілді білмесем,
Шат- шадыман жүрмес ем.
Жер бетінде сайрандап,
Қазақ болып жүрмес ем дей келе, келесі кезекті балабақша тәрбиешілерінің
орындауындағы «Қазақтай ел қайда?» әніне береміз.
Хор: «Қазақтай ел қайда?»
Жүргізуші: Көк аспандай көкпен бек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы
Ақ ниетті алтын күн
Асқақ арман –қ ыраны
Жалауы бұл халқымның
Мәртебесі, мақтаны –дей келе келесі кезекті «Жаса Қазақстан» биіне береміз.
Би: «Жаса Қазақстан»
Қорытынды:
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға сыйлаймыз ақ тілекті
Осыменен аяқталды концерттік мерекеміз деп, концерттік бағдарламамызды
аяқтаймыз.
Бітімбай Әсел Тыныштықбайқызы,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі