Елбасымыз ұсынған рухани жаңғырудың маңызы өте зор! Әсіресе адамның сана-сезімінің жаңғыруы, сондай-ақ руханият пен мәдениет, экономикалық сауаттылық пен білім, сандық санада өзгеруі керектігін терең ұғынуымыз керек. Ең басты мақсат — қоғамдық сананы жаңғырту, сол арқылы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Осы мақсатқа жету үшін Президент 6 басым бағытты көрсеткен. Олардың өзі бірнеше мемлекеттік бағдарламадан тұрады. Олардың қатарында «Туған жер», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» сынды бағдарламалар бар. Сонымен қатар, Елбасы қазақ тілі латын әліпбиіне кешіктірмей көшіруді де осы мақаласында үкіметке тапсырды. Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Ендігі мәселе, осының барлығы сан ғасырлар армандап, бүгінгі таңда қолымыз жетіп отырған, ең бағалы құндылығымыз — егемендігімізді сақтап, тәуелсіз еліміздің дамуы үшін аянбай қызмет ету!
Ербол Харыгаш,
Павлодар облысы Қашыр ауданы Тілубай ауылы,
Тлеубай негізгі жалпы білім беру
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі