«Тірі жүрсем қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген Әлихан Бөкейханның өмірлік ұстанымы адал ниетті, елжанды Алаш азаматтарының бәріне ортақ мақсат болғандығы аян. Бүгінгі арамызда жүрген ұлт мүддесін жоғары қоятын азаматтарымыз, сол кешегі халықтың тәуелсіз болашағы жолында жанын құрбан еткен арыстардың жалғасы. Солардың бірі, әрі бірегейі тарихтың қатпарлы, қиын жолынан елін, қазақ елін аман-есен алып шыққан Елбасы Н.Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз, егемен Қазақстанның қысқа уақыттың ішінде дүниежүзіне белгілі мемлекет ретінде қалыптасуына Елбасының кемеңгерлік пен жүргізіліп отырған саясаты мен ел қамын ойлаған азаматтардың қажырлы еңбегінің үлесі басым.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 17 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстан халқы үшін Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды деп атап көрсетті. Бұл бағдарламалық мақаласында халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрлерінен бастау алатын жарқын болашағымыздың айқын бағдарын, екі жаңғыру процессінің саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың нақты мақсаттары, міндеттері, басымдықтары, оған жеткізетін жолдарды айқындап берді. Қазақстан елінің мақсаты айқын, бағытымыз белгілі-дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бағдарлама іске асу үшін санамыз ісімізден озып, яғни жаңғырып отыруы тиіс. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында бүгінгі ғана емес, келер ұрпақ үшін де аса маңызға ие, ұлы көшке бастар тағы бір игі бастаманы қолға алу ұсынылып отыр. Ол-қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі ұйғарым. Елбасы «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты деп атап өткен болатын. Бұған дәлел әлемдегі техникалық ақпарат, электронды тасымал құралдарындағы ақпараттар ағылшын тілінде. Дүниежүзі халықтардың 70 проценті латын қарпіне көшкені белгілі. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы шешім қазақ халқының ұлттық мүддесінен туындап отыр. Осыларды негізге ала отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасын қолдау мақсатында сыныптарда ашық тәрбие сағаттары, ата-аналармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілді. Әр сыныпқа дайындық барысы үшін 32 қаріптен тұратын латын алфавитінің кестесі ілініп, жұмыстар жүргізілуде.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бекітілген 6 арнайы жоба «Туған жерге туыңды тік», «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан» «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа тұлға» жобалары мектебімізде жүзеге асыру, үйлестіру мақсатында «Туған өлкем» тақырыбында шығармалар байқауы, «киелі қасиетті Түркістаным» тақырыбында жыр мүшайрасы, «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беретін кездесулер өткізілді. «100 жаңа тұлға» жобасы бойынша елге танылған, еңбегі сіңген, өңірден шыққан азаматтарды қоғамға таныту мақсатында стенддер жасалып көпшілікке ұсынылды. Бітіруші түлектерді кәсіп таңдауына ықпал ету мақсаттында туған жер шаруа –қожалықтарына саяқат жасалды. 11сынып оқушылар кәсіпкер А.Мусаев, Б.Маулянов шаруа қожалықтарында Ресейдің жерінен әкелінген жылқылар. Қазақстанның Солтүстік облыстарынан әкелінген қара малдың бурдақылау жағдаймен және балық өсіруге арналған орындармен танысып, халықтың экономикалық жағдайын жасауда еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбекке деген қызығушылығын қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесін тойлау қарсаңында «Өрле, Қазақстан» тақырыбында шабыт шеруі өтілді. Жастар арасында патриоттық тәрбие жүргізу арқылы Отан алдындағы міндеттерін терең сезіну мен азаматтық жауапкешілік сезімін қалыптастыру бағытында. «Жас ұлан», «Жас қыран» «Жас сарбаздар» мүшелері сапта жүру әдістерін, көрсете білді. Өнерімді еліме арнаймын мүмкіндігі шектеулі оқушылар сурет салу, ән айту, би билеу барысында өнерлерін көрсетті. Балаларына қолдау көрсетіп келген ата аналарға тренингтер өткізілді. Келешекке деген сенімін, қоғамға қөзқарасын дамыту барысында мақтау қағазымен сыйлықтармен марапатталды.
«Көп Ұлтты Қазақстан әдеби кешінде Отанымызда өсіп өркендеген ұлттың тұрмыс тіршілігіне салт-дәстүріне байланысты көріністер, ұлттық тағам бойынша оқушылардың еңбектері бағаланды. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық, патриоттық тәрбиені қалыптастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Елбасымыз айтқандай «Заман ағымына бейімделу керек, Өмір сүру үшін өзгеру білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.
Сондықтан ұлттық сана – сезіміміздің көкжиектігін кеңейтіп, ұлттық болмысымыздың өзегін сақтай отырып, бабаларымыздан мирас болып қанымызға сіңген қасиеттерді түлетіп, қазақ елінің бүгінгі күні мен жарқын болашағы үшін, Рухани жаңғырудағы мақсат пен міндеттерді жүзеге асырайық.
Құрманбеков Абылайхан
Қазақстан Республикасының Білім беру
ісінің құрметті қызметкері,
«Ы. Алтынсарин» медалінің иегері,
Ұлықбек атындағы жалпы орта
мектебінің директоры