Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы оқу бағдарламасында үлкен серпіліс пайда болуда, яғни ұлттық құндылықтар мен мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бүгін білім беру саласында барлық мәселелері мен мақсаттары рухани жаңғыру бағдарламасын іске асырумен байланысты.
Бәсекелес тұлғаны – елді сүйетін оның өркендеуіне еңбек ететін, туған ауыл мектебіне көмек көрсететін азаматты қалыптастыру үшін қауымға өз қызметін бағыттау қажет. Сонда ғана қоғамның сана сезімі жаңалыққа бет бұрады.Егер осыған дейін білім саласында басты мақсат оқушыға нақты білім, ғылым негіздерін оқыту болса, қазір елжандылыққа, адамгершілігі рухани жағынан қалыптасқан, құзыретті жеке тұлға, рухы биік патриот етіп тәрбиелеу басты мәселе екенін естен шығармауымыз қажет. Өйткені еліміздің болашағы қандай болатыны балаларымыздың бойына қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Менің түсінігім бойынша патриотизм көрінісі өзінінің кіндік қанын тамған жерге, өскен ауылыңа, қалаң мен аймағына халқынының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Барлық уақытта бүкіл адамзаттың өмірінде білім әр адамның өмірінің ажырамас бөлігі болды. Және, қазіргі білім берудің маңызды ерекшелігі оның басты құралы, жас ұрпаққа сабақ беретін адамзат қоғамының бөлігі, мұғалім болып табылады.Қандай халық болмасын өзінің ұлттық болмысын мен халықтық тәлім-тәрбие қазанында қайнап, жетілуі тиіс, яғни ұлттық кодты сақтай білуі тиіс дегенді білдіреді. Тарихымыз тереңнен тамыр алатын, бабаларымыздан қалған рухани-бай мұраларымызды ұрпақтар бойына сіңіру азаматтық борышымыз.
Сембаева Б.А.