Биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі міндетін белгілеп берді. Елбасымыз ең бастысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, технологизация, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның шеңберіндегі мемлекеттің дамуының айқын бағыттарын анықтаған. Экономика, мемлекеттік басқару, тіпті агроөнеркәсіп саласын дамытудың өзінде технологияларды енгізуге оны дамытуға басты назар аударылып отыр.
Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажеттігін мен педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша да ерекше назар аударылды. Біздің ұстаздарымыз білім берудің жаңа сапасына көшетінін, кәсіби даму тұрғысынан жаңа белеске көтерілетінін байқап отыр. Сонымен қатар, жарияланған жолдауда «категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек» деп, жалақыны да «біліктілігінің расталуына байланысты өсіру керек» дегені көңілге қонымды. Себебі, қазіргі таңда мұғалім мамандығының қадірі қашып, білімі мен біліктілігіне күмән келтіріп жүргендерге жауап ретінде мықты мұғалім өз білімін дәлелдейді. Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Біз ұлтымыздың, еліміздің кемел болашағы үшін саналы, көзі ашық ұрпақ болып қалыптасуымыз қажет. Осы бағытта өзгерісті де әрбір адам өзінен бастауы керек. Үш тілді меңгеру, біліммен сусындау әрбір ұлтжанды жастың міндеті.
Досболова Айман Дүкенбайқызы,
Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицейінің
технология пәнінің мұғалімі