Home » Балабақша » Рухани жаңғыру аясында өткен семинар-тренинг

Рухани жаңғыру аясында өткен семинар-тренинг

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасы МКҚК-да қарашаның 11 күні «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту мен рухани жаңғырудың бағыттары» атты семинар-тренинг болып өтті.
Семинар-тренингте алғы сөзді мекеме басшысы сөйлеп, ашық деп жариялады. Ал, қатысушыларды №2 бақшаның әдіскері Ф.Ж.Набикулова тіркеп, балабақшаға саяхат жүргізді. Семинардың ашылуы «Рухани жаңғыру – рухани байлықтың кемелдігі» атты Ф.Ж.Набикулованың баяндамасымен бастау алды.
 Жалпы, бұл облыстық семинардың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін беру, білім мазмұнын жаңарту ерекшеліктерін теориялық әдістемелік тұрғыда негіздеу болып табылады.

Ал, оның негізгі міндеті – мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың адамгершілік тәрбиесінің көрсеткіштерін, олардың педагогикалық білімдері мен іскерліктері, дағдыларын қалыптастыру еді.

Жиын барысында тәрбиешілер А.Аширалиева «Ертегілер елінде», ал А.Рыспаева «Ғажайып білім әлемі» атты көрсетілімдерін паш етсе, шебер сынып арқылы бейнелеу өнерінің жетекшісі С.Ашимбаева «Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда дәстүрден тыс сурет салу тәсілін қолдануды» жан-жақты жеткізе білді.

Ал, қызықты тренингте «Үйлесімді қарым-қатынас» тақырыбында психолог Кебеева А.А. баяндама оқып, сұрақ-жауап арқылы тәрбиешілердің көкейіндегі мәселелерді талқыға салып, тұшымды жауап беріп, түйінін шеше білді.

P.S. Ауқымды түрде өткен семинар-тренингте қатысушылар және мекеме ұжымы қорытынды жасап, кофе-брейк көңілді сергітті.

 

Фарида Джексенқызы Сейдашева,
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасы
МКҚК-ның меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.