Home » Мақалалар » Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Рухани жаңғырудың жарқын жолы

Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласы елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі деп білемін. Жолдаудың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салады. Рухани жаңғыру – адам баласының, оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерістерді қабылдай білуі. Мақалада бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат айқын көрсетілген. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент рухани жаңғырудың алты бағытын белгілейді: 1. Бәсекеге қабілеттілік; 2.Прагматизм; 3.Ұлттық бірегейлікті сақтау; 4.Білімнің салтанат құруы; 5.Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6.Сананың анықтығы. Аталмыш бағыттардың барлығы барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық ,шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» сияқты бағдарламалар –ұлтымызды, яғни ба рша қазақстандықтарды ХХI ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»,-деп ашып көрсетеді. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік,өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Сондықтан да жоғарыда көрсетілген талаптарға сай оқыту және тәрбиелеуді орындау деп білемін және сол үшін де қызмет етемін.

                                                                  Бегимова Гульбану Дарганбековна
«Балапан» бөбектер бақшасы

                                                               Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.