Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30р елдің қатарына қосылу.
«Болашақ жастардың қолында» демекші сол жастарды тәрбиелеп білім беретін біз ұстаздар.Ендігі кезекте өз ойымызбен бөліскелі отырмыз. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес адамдарының бәсекелестік қабілетімен айқындалады.
Сол себепті Елімізде шынайы білімнің саны мен сапасын көтеру керек деп ойлаймын. Өйткені «Рухани жаңғыру» біздің білімді және біліктілігімізден басталады деп есептеймін. Мемлекетімізде үш тілді өте қатты қолға алып білім беру жастарды әрі қарата рухани жаңғырумен тәрбиелеу. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің ролі зор. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер еліне жанашыр болып, болашаққа, еліміз Қазақстанға білім саласына үлесін қосудан шаршамасын дегім келеді.
Тулаева Күлпаршин Тулбасиевна,
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Заңғар ЖОМ
бастауыш сынып мұғалімі