Home » Мақалалар » «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі ұйымда үш тілде білім берудің тәсілдерінің ретінде флипчарттарды пайдалану

«Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі ұйымда үш тілде білім берудің тәсілдерінің ретінде флипчарттарды пайдалану

Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі ұйымда үш тілде білім берудің тәсілдерінің ретінде флипчарттарды пайдалану

Қазіргі заманда тілдік білімге балалардың көзқарасы тек қана араласу амалдарымен арқылы ұйғарылмайды (аудио, сөйлеу), бірақ оларға парапар қарым-қатынасты дамыту үшін қажетті тілден тыс ақпарат беруді, өзге мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін, төзімділік, мейірімділік сияқты қасиеттерді дамыту болып табылады. Егер оқыту үдерісі «мәдениеттер диалогі» контекстінде жүзеге асырылатын болса, бұл міндеттерді іске асыру мүмкін. Қазақстандық «үш тұғырлы тіл» идеясы, біздің ойымызша, осымен құнды.
Өңірлік және жаhандық нарықтарға ұтымды нәрселерді ұсыну үшін, әрбір қазақстандық өзіне ең маңыздысын ерекшелеп алу керек. Бұл тек материалдық өнім ғана емес, ол интеллект және білім. Соның ішінде, мәдени ашықтық, шет тілдерін білу және компьютерлік сауаттылық сияқты факторлар, шартсыз алғышарт ретінде баяндалады. Сондықтан да, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы да, «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы да, «Мәдени және конфессиалдық келісім» бағдарламасы да ХХІ ғасырда өмір сүруге ұлтты даярлау бөлігі деп атап өтті Президент.
Балабақшада қазақ және ағылшын тілін оқыту мәселелерінің өзектілігі практикалық қажеттілікке негізделген, осыған байланысты теориялық және практикалық әзірлемелер қажеттілігі туындайды. Ол үшін оқу-әдістемелік кешендер негізін жетілдіру қажет болды. Қазақ және ағылшын тілін балаларға оқыту барысында сабақта компьютерлік ойын  — флипчарттар қолдану, балалардың оқуға деген қызығушылығын   арттырып, оның тиімділігін және өзара байланысын арттыра түседі.
Компьютерлік технологияны пайдалану саралап оқытудың (дараландырудың) жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Флипчарттарға түсіндірмелер үш тілде берілген, бұл оны қазақ тілі мен ағылшын тілі сабақтарында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Біз жалпы тақырыптардан бөлек, төмендегі тақырыптар бойынша флипчарттар әзірлемесін жасадық:

«Ұлттық ыдыс»

«Ұлттық тағамдар»

«Ұлттық киім»


Осы ойындарды қолдану — пәнаралық байланыс интеграциясы арқылы жүзеге асырылып, мектепке дейінгі жастағы балалардың қазақ және ағылшын тіліне  деген қызығушылығын арттырады.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                           Унгарова Б.К
Қазақ тілінің мұғалімі,
Макаренко В.А
                                         Ағылшын тілінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.