Ақтау қаласындағы Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп- интернатында 13 наурыз күні «Рухани-адамгершілік тәрбие — білім негізі» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. «Ұлт жоспары «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өткен бұл шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Рысгүл Жұмажанқызының жетекшілігімен «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» республикалық курсына қатысушы өзін-өзі тану пәні мұғалімдері және Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты педагогтары қатысты.
Семинар барысында өзін-өзі тану мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету және өзін-өзі тануды мектептің тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялаудың өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру аясында ашық сабақтар, шеберлік сыныптар өткізілді. Шараның модераторлары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Р.Жұмажанқызы және Дарынды балаларға арналған мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Р.Садыкова болды.
Қатысушылар Ш.Тоқсанованың «Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы» тақырыбындағы мұғалімдерге арналған семинар-сабағына, Г.Екібаева мен П.Қалмұраттың «Тіршіліктің қарапайым құрылымындағы формасы ретінде вирустардың құрылымындағы ерекшеліктер» тақырыбындағы өзін-өзі танумен интеграцияланған биология сабағына, А.Жолбаева мен Ш.Тоқсанованың «Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелерін шешу» тақырыбындағы өзін-өзі танумен интеграцияланған математика сабағына, У.Дүйсенованың «Адам және адамзат» тақырыбындағы өзін-өзі тану пәні бойынша өткен сабағына және С.Кийнованың «Человек в виртуальном пространстве» тақырыбындағы сыныптан тыс шарасына қатысты.
Семинарға қатысушылар мектеп әкімшілігіне шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және семинардың жақсы өтуіне жағдай жасағандығы үшін алғыстарын білдірді.
Р.НҰРОВА,
ДБО тренері,
Р.НҰРБАСЫНОВА,
Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын
дарынды балаларға арналған мамандандырылған
облыстық мектеп-интернаты директоры