Home » Мақалалар » Рухани-адамгершілік тәрбиелеу және дамыту бағдарламасын іске асырудың әдістемесі талқыланды

Рухани-адамгершілік тәрбиелеу және дамыту бағдарламасын іске асырудың әдістемесі талқыланды

          2017 жылдың 13 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты рухани-адамгершілік тәрбиелеу және дамыту бағдарламасын іске асыруда озық тәжірибені тарату арқылы білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Рухани-адамгершілік тәрбие: мазмұндық-әдістемелік аспектісі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Республикалық семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары; аудан, қала және Атырау облыстық мектептерінің мұғалімдері; Республикамыздың облыстық мектептерінен, соның ішінде Маңғыстау, Қостанай, Орал, Қарағанды, Жезқазған, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мұғалімдері; аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, институттың профессор-оқытушылар құрамы, облыстық әдістелемік кабинет қызметкерлері қатысты.

Семинар жұмысы 3 бағытта «Өзін-өзі тану– жаңа заманның педагогикасы», «Мұғалімнің рухани кемелденуі – өзін-өзі тану сабағының негізгі шарты, оқыту интеграциясының факторы» және «Сабақтан тыс жұмыстардың формалары арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту» жүргізілді. Бұл бағыттар бойынша 63 жұмыс /әр секциядан 21 қатысушы/ тыңдалды, ортаға ойлар салынды, пікірлер мен ұсыныстар айтылды, қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, ұсыныстар қабылданды.

        Шара соңы облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия шәкірттері мен институттың курс тыңдаушылары күшімен дайындалған сазды бағдарламаға ұласты.

 

Г.С. Қаленова

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,

қоғаммен байланыс және баспасөз бөлімі басшысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.