Home » Мақалалар » Рухани-адамгершілік білім беру-қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысынан жаңғыруының негізі

Рухани-адамгершілік білім беру-қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысынан жаңғыруының негізі

11-23 маусым аралығында  «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы  Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы қысқа мерзімді курс болып өтті. Курсқа облысымыздың  Ақтау, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданының 26 өзін-өзі тану педагогтері қатысты.

Курс бағдарламасы аясында өзін-өзі тану сабағын жүргізудің және оны бағалаудың, ата-аналармен, мұғалімдермен жұмыстарды өткізудің жалпыадамзаттық құндылықтармен интеграцияланған баға жетпес тәжірибесін игеру мақсатында Ақтау қаласындағы №33 «Әлия» балабақшасының базасында «Рухани-адамгершілік білім-тәрбие негізі» тақырыбында  облыстық  көшпелі семинар ұйымдастырылды. Семинарда  курс тыңдаушылары өзін-өзі танумен интеграцияланған математика сабағы, ата-аналармен жұмыс, педагогтерге арналған семинар,  өзін-өзі тану сабақтарын өткізудің әдістемелерімен танысты.

Математикамен интеграцияланған сабақ пен ата-аналармен жұмысты балабақша педагогтері, ал өзін-өзі тану сабақтары мен педагогтерге арналған семинарды курс тыңдаушылары өткізді. Курсқа қатысушы педагогтер мен балабақша ұжымы рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасты. Семинарда белсенділік танытып, ашық сабақ, шеберлік сынып  өткізген өзін-өзі тану педагогтері Айтимова Гулжан Бокишовна, Алкатаева Шолпан Кималдиновна, Беккалиева Айнур Толеугалиевна, Селбаева Рая Муналбаевна, балабақша қызметкерлері Ахмедчеева Айнур Рахмедулаевна, Қазақ Фехити, Бозбанова Светлана Амирхановна «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы  Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ алғысхаттарымен марапаттталды. Семинар соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, сабақтар талқыланды. Өзін-өзі тану педагогтері семинарды  жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан балабақша ұжымына, меңгерушісі Салтанатова Мейрамгүл Чайхиевнаға алғыстарын жеткізді.

   Курс барысында мұғалімдер «Өзін-өзі тану» бағдарламасының 3 модулы бойынша слайдтар жасап, презентациялар қорғады, эсселер жазды. Педагогтердің желілік қауымдастығына тіркеліп, республикадағы әріптестерімен тәжірибе алмасты.  Курс тыңдаушылары Айтимова Гулжан Бокишовна, Беккалиева Айнур Толеугалиевна, Казтурганова Байрамгүл Баймуратовна курс  туралы толғаныстарын республикалық «Білім айнасы»газетінің, «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы  Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ сайттарында жариялады.

Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
ДБО тренері

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.