Home » Мақалалар » Рухани адамгершілік білім беру – заманымыздың өзекті мәселесі

Рухани адамгершілік білім беру – заманымыздың өзекті мәселесі

Рухани-адамгершілік, ізгі білім беру мәселелері бүгін бәріміз үшін өте өзекті, әрі маңызды. Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді  басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының Президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Осы орайда өзін-өзі тану пәні білім беру ұйымдарында оқытылып, мұғалімдерге тәжірибиелерін жинақтау, тарату мақсатында аудандық, облыстық семинарлар ұйымдастырылып, өз жемісін нәтижелі беруде.

Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беру орта мектебінде қазанның 15-і күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Нұрова Рысгүл Жұмажанқызының ұйымдастыруымен «Рухани адамгершілік тәрбие – білім негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген біртұтас тәрбие ортасын құруға ықпал ету.

Атаулы шараға «Бөбек»ҰҒПББСО бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымының докторы, профессоры  А.К.Рысбаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері А.Сисенова, Мұнайлы аудандық білім беру бөлімінің өзін-өзі тану пәні бойынша әдіскері Ж.Аюпова және  өзін-өзі тану педагогтері, пилоттық ұйымдар басшылары, орынбасарлары, «өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері қатысты.

Семинардың ашылу салтанатында  мектеп директоры Қ.Ү.Титанов , «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Р.Ж. Нұрова. қонақтарды, семинарға қатысушыларды құттықтап,«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жалпыадамзаттық құндылықтар боп саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білудегі маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында теориялық білім мен тәжірибені ұштастыру бағытында мектебіміздің өзін-өзі тану пән мұғалімі Якубова Ж.Т. 7 «Ж» сыныбына «Адам бақыты» тақырыбында және Дуйсенова У.Б. 8 «Б» сыныбына «Сүйіспеншілік — таным нұры ретінде» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Мұнайлы ауданы №1 орта мектептің  мұғалімі Қалмұратова П.Ғ.  6 «Б» сыныбына «Вирустар дүниесі» тақырыбында өзін-өзі танумен интеграцияланған биология сабағын өтті. Ашық сабақтарға барлық  мұғалімдер қатысып, тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар Мұнайлы ауданы №11 орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Темирова Б.Н.  және Мұнайлы ауданы №6 орта мектептің мектептің «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі  Ондабаева Ф. К. сабақтан тыс әрекетте мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асыруға бағытталған мектеп тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара соңында осы күннің еңбегінің жемісін анықтап, жұмысты қорытындылауға бағытталған «Дөңгелек үстел» өткізілді. Дөңгелек үстелде алғы сөзді «Бөбек»ҰҒПББСО бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымының докторы, профессоры  А.К.Рысбаева сөйледі, ашық сабақтарды талқылап, өткізген пән мұғалімдеріне шығармашылық табыс тіледі. Барлық қатысушылар өз пікірлерін ашық айтты, көтеріңкі көңіл-күйде «Армансыз күнім болмайды» әнімен атаулы шара аяқталды.

 

Дуйсенова У.Б.
Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беру орта мектебі
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.