Home » Ашық сабақтар » Рухани адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ және орыс халықтарының салт-дәстүрі

Рухани адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ және орыс халықтарының салт-дәстүрі

 

Мақсаты: Қазақ және орыс халықтарының салт-дәстүрі, қонақжайлығы, үлкенді сыйлауға, кішіпейілділікке, әдетғұрпымызды үйренуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Отан туралы суреттер, Қазақстан Республикасында тұратын көп ұлттар суреттері, ұлттық тағам,

Сабақ барысы: Балалар, бүгін бізге қонақтар келді, амандасайық қонақтармен.

Балалар: Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші: Бүгін сабағымызда өтетін қазақ және орыс халықтарының салт-дәстүрлері.

Балалар, біздер қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар: Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Қазақстан Республикасында қандай ұлт өкілдері тұрады?

Балалар: Көп ұлт өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті тұрады, қырғыз, өзбек, тәжік, орыс, татар, неміс, үйғыр, украйн, кәрес, грузин т.б.

Тәрбиеші: Кең пейілді қазақ халқының байтақ жерінде, барша ұлт өкілдері қазақ жерін –Отаным дейді, себебі осы қазақ жерінде дүниеге келіп, өсіп жатыр.

Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады.

Тәрбиеші: Бізбен бірге тұрып жатқан көп ұлттың өз салт-дәстүрі бар.

Салт-дәстүр туралы мақал-мәтелдер айтылады.

Тәрбиеші: Қазақ халқының қандай салт-дәстүрін білесіңдер?

Балалар: Шілдехана, бесік той, тілашар, тұсау кесу, ат қою, қонақ күту.

Тәрбиеші: Қонақ деген кім? Қалай түсінесіздер.

Балалар: Арнайы шақырылған қонақ, туыстар қонаққа келеді, құдайы қонақ, сыйлы қонақ.

Тәрбиеші:Қонаққа шақыру түрлерін білесіңдерме?

Балалар: Соғым басыңа шақыру, туған күн, шілдехана, тұсау кесу, бесік той, сүндет той, күміс той алтын той, үйлену тойы т.б.

Тәрбиеші: Қонақты қалай қарсы аламыз?

Балалар: Амандасамыз, төрге шақырамыз, қал сұрасамыз, дастарханға шақырамыз.

Тәрбиеші: Келген қонақты күте білу – ол да салт-дәстүр.

Салт-дәстүр туралы өлеңдер білесіңдер ме?

Балалар:

Туғаннан соң адам бол

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады «надан» деп.

 

Қонақжай халқымыз

Қонақты қарсы алып сыйлауға

Қонақты сүйген салтымыз

Дастарханын жимауда.

Тәрбиеші: Қонақ күту салт-дәстүрі туралы қойылым.

«Қонақжай қойылымы»

Қонақ: Сәлеметсіз бе?

Үй иесі: Сәлеметсіз бе, төрлет, жоғары шығыңыз.

Қонақ: Рахмет!

Үй еисі: Шай әкел қонаққа, шәй ішіңіз ас болсын.

Ауру-сырқаудан амансыз ба?

Қонақ: Жақсы-жаман емес, өздеріңнің қал-жағдайларыңыз қалай?

Үй иесі: Шүкір, жаман емес, аман-есенбіз. Ет пісіп қалды, қазақ халқы үйге келген қонаққа ет асып, бас береді. Еттен алып жеп отырыңыздар, мынау арнайы асқан сыбаға.

Ас болсың, ет жеңіз.

Қонақ: Рахмет, сыбаға етіңіз дәмді, тәтті болыпты.

Үй иесі: Сорпадан ішіп отырыңыз.

Қонақ: Жеп-іштім, рахмет, сорпа тәтті, бәрі де дәмді болды, шәй тәтті болды, сіздерге рахметімізді айтып үйге қайтайық

Үй иесі: Асты алайық, бата беріңіздер.

Қонақ:

Босаға берік болсын,

Дастархан мол болсын.

Байлығын кетпесін

Бақытың таймасың.

Үй есі: Келіп тұрыңдар, хабарласып тұрыңдар.

Қонақ: Рахмет, сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар, біз қонақ күту салт-дәстүрін көрдік, үй есі қонақты қалай қарсы алып күтті?

Балалар: Үй иесі қонағың әдепті, әдемі күтті, үй иесі ақкөңіл жомарт, үй иесі «қонақжай».

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, үй иесі қонақжай, салт-дәстүрімізге сай ет асып, бас беріп қонағың күтті.

Орыс халқының салт-дәстүрлерін білесіңдер ме?

Балалар: Үйлену тойы, қонақ күту самаурынмен, шіркеуде неке қию (венчание), жаңа жыл (рождество), құймақ мерекесі (масленица).

Тәрбиеші: Масленица – құймақ мерекесі, қыс айың шығарып салу, көктем айың қарсы алу салт-дәстүрі.

Құймақ мерекесі қойылым.

Балалар: Сабаннан қуыршақ жасап, құймақ пісіріледі, ойындар ойналып, ән айтылады, сайқымазақтар өз өнерлерін көрсетеді.

-Бір апта бойы ойыңдар ойналып құймақ пісіріледі.

Дүйсенбі: Шанамен сырғанайтын жер дайындайды, әлпеншектер жасайды, құймақ пісіріледі далада, самаурынмен шәй қайнатады.

Сейсенбі: Ойындар ойналады, барлық адамдар сырғанайды, құймаққа шақырады.

Сәрсенбі: Туыс, достар бір-бірінің үйіне қонаққа барады, дастарханға құймақ қойылады, балмен, қаймақпен, әр-түрлі тосаппен.

Бейсенбі: Мұзды қалашық салады, атты шанаға жегіп шанамен серуендейді, өлеңдер айтылады, палуандар күреседі, ойынның барлық түрлері өтеді.

Жұма: Жұма күні жақын туыстар бір-бірін дастархан жайып, құймаққа шақырады.

Сенбі күні қонақ күту кеші жалғасады.

Жексенбі: Құймақ салт-дәстүрінің соңғы күні, сабаннан жасалған қуыршақты жағып, қыс айымен осылай қоштасады.

Тәрбиеші: Құймақ салт-дәстүрінің тәрбиелік мәні зор екен, адамдар бір-бірлерін сыйлап қонаққа шақырады.

Балалар, сіздерге қазақ және орыс халқының салт-дәстүрі ұнады ма?

Балалар: Өте қызықты өтті, ұнады, біз қонақты қалай күтеміз, соңы үйрендік, құймақ мерекесін тамашаладық, өте қызық екен, маған ұнады.

Қазақ және орыс костюмдерін киіп кейіпкерлер шығып, балалар мен қонақтарды қазақ және орыс халқының ұлттық тағамдары – бауырсақ пен құймаққа шақырады.

Л.Г. Шуренова,

№34 «Ақ бидай» балабақшасының тәрбиешісі,

Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.