2018 жылғы 4 қазан күні, 17.00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жақын арада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне арналған «Руханият тіректері» атты тақырыптық кітап көрмесінің ашылуы өтеді.
Көрменің ашылу рәсімінде Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов пен қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім алғысөз сөйлейді.
Әрбір үш жыл сайын Астанамызда аса ықпалды дін өкілдерінің басын қосып, халықаралық деңгейде бірлескен шешімдерді қабылдауды талап ететін мәселелерді күн тәртібіне шығаратын әлемде теңдесі жоқ бірегей форум болып табылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің тарихы бойынша ауқымды дереккөздер кешені Елбасы кітапханасында жинақталған. Елбасы кітапханасының жинағында рухани мәдениеттің шынайы раритеттерін қамтитын кітаптар топтамасы ерекше орын алады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер, философиялық ілімдер мен тәжірибелер тарихы әлемнің көптеген ғалымдарының қызығушылығын оятады. «Рухани тіректері» көрмесі әлемдік діндердің қасиетті кітаптарын, ғылыми монографияларды, өнер және сәулет тарихтарына арналған еңбектерден тұратын 200-ден астам басылымды ұсынады. Мазмұны және жанр жағынан әрқилы басылымдар діндердің пайда болуы мен даму тарихымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар, уақыт және кеңістік аясында діни дәстүрлердің сабақтасытығын да көрсетеді. Ұсынылған ауқымды кітаптар жинағы әрқайсысы «руханият тірегі» болып табылатын әлемдік және дәстүрлі діндер туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Құрандар коллекциясы Елбасы кітапханасы музей жинағының мақтанышы болып табылады. Бұл жинақтың аса ерекшелігі – көрмеге ұсынылатын кітаптар арасында кітапхананың сирек қорындағы XVIII-XIX ғасырларда шыққан түпнұсқалық басылымдардың болуы. Басылымдардың басым бөлігі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа шет мемлекеттер өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде ұсынылған. Әр кітаптың безендірілуі — әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі ислам мәдениетінің қайталанбас бейнелерін қамтитын зергерлік, көркемдік және каллиграфиялық шебер әдіспен өңделген.
«Руханият тіректері» көрмесі 2019 жылғы 30 қаңтарға дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Ә. Бөкейхан көшесі, 1
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –
Елбасы кітапханасы» ММ
Баспасөз қызметі