Home » Айтарым бар » Роза Бейсханқызы

Роза Бейсханқызы

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі

         Білімді ұрпақ – тәуелсіз еліміздің тірегі. Ұстаз қолында адам т ағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс жасайды. Сол жас ұрпақ бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім – сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады. Жаңартылған білім беру маз¬мұнын сапалы және тиімді түрде жүзеге асыру мұғалімнің кәсіби ше-берлігіне тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар жетерлік. Атап айтсақ, жаңартылған білім беру жүйесі бойынша бағалаудың жаңа жүйесі енгізілген. Жаңартылған білім мазмұнын енгізу үдерісінде табысқа жетудің жалғыз жолы – мұғалімдердің күн¬делікті жұ¬мысын тұрақты түрде жақсартып отыруға қол жеткізу. Бұл үшін педа¬гогтердің кәсіби дамуына уақыт арнап, күш-қуат, әдістемелік ресурс жұмсау қажеттігі маңызды. Қазіргі уақытта аталмыш мектебімізде жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру барысында мұғалімнің кәсіби дамуына бағытталған коучинг, тренерлік сабақтар өтілуде. Мектебіміздегі тренерлер коучинг, семинарды жоспарлы түрде өткізіп келеді. Атап өтетін болсақ, «Оқытудағы бағалау» тақырыбында тренер Р.Бейсхан, Б.Е.Алғамбарова «Дарынды оқушылармен жұмыс» тақырыбында тренер С.К.Балтабаева, «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында тренер С.К.Рахметова өткізген семинарларда мұғалімдер өз кәсіби шеберлігін дәлелдеп шықты.
Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте Олар жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсатым деп есептеуі керек.
Қазіргі таңда мұғалімдер арасында «Критериалды бағалау жүйесі» өте маңызды және ауқымды тақырып болып отыр. Аталған тақырып бойынша наурыз айының 17-сі күні мектебімізде тренерлер Р.Бейсхан, Б.Е.Алғамбарова қалалық білім бөлімінің әдіскері Қ.Қ.Ташенова және қала мектептері мұғалімдерінің қатысуымен коучинг болып өтті. Бұл іс-шарада мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, көкейтесті сұрақтардың жауабын алды деп ойлаймыз. Бұл өткізіліп жатқан сабақтар мұғалімдерге білім беру үдерісінде өз септігін тигізері сөзсіз.

Роза Бейсханқызы,
Екібастұз қаласы,
Абай Құнанбаев атындағы №2
жалпы орта білім беретін мектебінің
математика пәні мұғалімі

 

:

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.