Мырзахметова Асель Ділдәбекқызы
№49 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Биыл 2016 жылғы 11 шілдеден бастап 22 шілде аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ базасында өткізілген «Робот техникасы» элективтік курсы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсында Астана қаласының мектептерінен келген мұғалімдер, соның ішінде өзім қызмет жасайтын №49 орта мектептен үш информатика пәнінің мұғалімдері біліктілігімізді арттырдық.
Курс аясында «Робот техникасы» элективтік курсының негіздерімен, Lego mindstorms EV3 Education жинағымен, роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен таныстық.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ғылымдарды оқытудың жаңа тәсілдеріннің бірі «STEM» қағидаларына негізделген «Робот техникасы» курсы жүргізілді: бұл science (ғылым), technology (технология), engineering (инжиниринг) және mathematics (математика) бойынша оқытылды.
Курстың ұзақтығы 2 аптаны құрады (80 сағат). Курста шағын топтарға бөлініп жұмыс істедік, сабақты жоспарлау кезінде практикалық білімізді іске асырадық. Курстың қорытындысы бойынша мұғалімдер портфолиосы бағалаудан өтті, онда курс бойынша 34 сабақ жоспары қамтылған, сол бойынша әр сабаққа жоспар дайындадық.
Курста «Робот техникасы» элективтік курсының құрылымы, мазмұны, мақсаттары және міндеттерімен таныстық, шығармашылық, жобалау-зерттеушілік, және конструкторлық дағдыларымызды дамытуға ықпал жасаланды. «Робот техникасы» элективті курсында робот құрастыру және бағдарламалау, робот техникасы саласындағы оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және қолдануды үйрендік.
Курстан кейінгі қолдауды робот техникасы тренерлері мен мұғалімдерінің желілік қоғамдастығының құралдары арқылы robotics.nis.edu.kz, www.cpm.kz сайтында жүргізу көзделген, бұл биылғы оқу жылында «Робот техникасы» элективтік курсын оқытатын мұғалімдерге үлкен көмек болады деген сенімдемін.
Курстағы тренереміз Айгүл Науқанбайқызына мың алғыс, курс барысында барынша жауапты, шығармашыл, және белсенді болды, өз идеяларымен бөлісіп, сабақ барысында да және сабақ аяқталғаннан кейін де әріптестік қарым-қатынаста болды.
«Робот техникасы» курсын оқыту оқушылардың инженерлік және дизайндық-ойлау, математикалық моделдеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ жоғары технология саласындағы техникалық шығармашылықты насихаттау, жастарды робот техникасымен айналысуға, бастапқы бағдарламаны үйренуге шақырады.
Алғашқы рет 2016-2017 оқу жылында «Робот техникасы» элективтік курсын оқу бағдарламасына енгізіп оқытатын әріптестеріме сәттілік тілеймін!
2016-2017 оқу жылынан бастап осы жаңа «Робот техникасы» элективтік курсын мекетбімізде оқыту арқылы оқушылардың инженерлік-техникалық мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, роботты техника жүйесін жасау дағдысын дамыту мен командада бірлесіп жұмыс істеуге жұмылдыру арқылы болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеруіне, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығуна мүмкіншілік беру бүгінгі күннің мақсаты.