Home » Мақалалар » РОБОТ ТЕХНИКАНЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ

РОБОТ ТЕХНИКАНЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ

Балапанова Жаңыл Темірқызы
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру  институтының
«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық)
ғылымы пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының  меңгерушісі, магистр

Білекке сенген заманда,
Ешкімге ес бермедік.
Білімге сенген заманда,
Қапы қалып жүрмелік.
Абылай  хан

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білім мен дамудың  негізгі көрсеткіші болып табылатын адами капиталымызды артуына алып келуі тиіс.

Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Білім беру саласында қолданылатын цифрлық қызмет көрсету секілді салаларды дамыту керек. ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстау керек және Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу, бұл — автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер» деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі таңдағы міндет қазіргі ғылымның ықпалдасқан салаларын дамыту және оларды заманауи мектептің білім беру үдерісіне кіріктіру болып табылады. Осы мақсатта білім беру үдерісінде робот техникасын оқыту қолға алынуда. Оқушылардың робот техникасы саласында білім мен жұмыстың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі қазіргі заман адамының жалпы ақпараттық мәдениетінің құрамдас элементі, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM – элементтерді (ғылым) қамту, яғни  инженерлік-техникалық шеберлікті одан әрі жетілдірудің негізі болып табылады.

Елбасымыздың Жолдауын қолдай отырып, ІТ саласын дамыту жолында педагог қызметкерлер табысты жұмыстар атқаруда. ХХІ  ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің ішіндегі IT-біліктілік, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру міндеті қойылуда. Осыған байланысты  ғылыми-техникалық білім берудің робот техникасы саласының өзектілігін арттыруға «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессор-оқытушы құрамынан 3 оқытушы өз үлестерін қосып, біліктіліктерін жетілдірді. Білім беру үдерісінде робот техникасын оқыту   аспектілері қолданылады. Олар: мақсаттық аспект: робот техникасы сабақтарындағы жоба жұмысы оқушыларда белгілі бір оқу қызметтерінің (танымдық, реттеуші, жеке тұлғалық, қарым-қатынастық) кешенінің тиімді қалыптасуына септігін тигізеді.

Мазмұндық аспект: робот техникасын оқыту барысында мұғалімде «Информатика», «Физика», «Математика» сияқты негізгі пәндер бойынша пәнаралық байланысты тиімді іске асыру мүмкіндігі пайда болады. Робот техникасы курсының биология мен пәнаралық байланысын да ескермеуге болмайды. Тірі ағзалардың сенсорлық және қозғалыс функцияларының биологиялық тетіктері роботтың сенсорлық және қозғалыс жүйелерінің прототиптері болып табылады. Іс-әрекеттік аспект: жаратылыстану ғылымы циклінің пәндеріне тән іс-әрекет түрлерін меңгерумен байланысты: жүйелі қадағалау, болжам ұсыну, деректерді болжау, жинау және түсініктеме беру, алынған нәтижелерді талдау және шешімдерді тұжырымдау және т.б. Робот техникасына оқыту кезіндегі жетекші әдіс оқушылар белгілі бір уақыт бөлігінде жеке, жұптасып, топпен орындайтын оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне бағытталған жоба әдісі болып табылады. Тұлғаның дамуы үшін мақсат қоя білуге негізделген шығармашылық іс-әрекеттік тәсіл. Тәрбиелік аспектісі робот техникасын оқыту оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендіруге септігін тигізеді,оқушыға өз құрдастарымен және педагогтермен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Баланың кеңістіктік ойлау, логикалық, конструкторлық дағдыларды дамыйды, математикада және физикада алған білімін тәжірибеде қолдану үшін оқиды, командада жұмыс істеу арқылы қателерді талдауға, бірдеңені ойлап табуға үйренеді.

Дамытушы аспектісі оқушылар робот құрастыра отырып, өзінің автоматтандырылған құрылғыларын құрады, оларды қадағалайды және эксперимент жүргізеді, моделдің практикалық қолданылуын іздейді, ғылыми бағыттағы инженерлік мамандықтың іргетасын қалыптастырады. Оқушылар нақты мақсат қоюға үйренеді, өмірдегі проблемаларды шешу үшін сыни ойлайды және шығармашылық дағдыларын қолданады.

Робототехниканы зерттеу оқушылардың болашақта ізденісін одан әрі дамытуына ықпал етеді.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». 31 қаңтар 2017 жыл.
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 1 наурыз 2016 жыл
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2016 жыл («Робот техникасы» элективті курсы бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы)

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.