Home » Ашық сабақтар » Робот техника

Робот техника

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да  салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робот техникасы» курсы 1-деңгейінің (5, 6 және 7 сыныптарға арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды.

Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология  негіздерін зерттейді.

Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары  меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады.

Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген.  Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады.

Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.

Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.

Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.

ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

Оқушылар курс соңында:

  • робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;
  • роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тәсілдерін біледі.

 

Оқушылар курс соңында:

  • түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау;
  • робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;
  • қарапайым роботтарды басқару;
  • жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;
  • LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;
  • математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;
  • алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;
  • бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыра алады.

Оқушылар курс соңында:

  • білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;
  • роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;
  • топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдыларын меңгереді.

Оқушылар курс соңында:

  • алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы роботтар секілді күрделі жүйелерді модельдеуге болатынын;
  • робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;
  • робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау дағдыларын әртүрлі жағдайда туындаған күрделі жайттарға талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;
  • құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:

  • әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;
  • әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;
  • ынталандыра және дамыта оқыту;
  • оқытудың белсенді әдістерін қолдану;
  • мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;
  • оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;
  • саралап оқыту тәсілдері;
  • оқушыларға «оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;
  • зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;
  • оқушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай сұрыптайтынын білу;
  • мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;
  • оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;
  • оқушыларға ашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;
  • оқушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;
  • оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
  • мұғалім-оқушы қарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;
  • оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;
  • оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;
  • оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
  • жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру;
  • оқушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін  жүйелі тілдік қолдау қолдану;
  • сыныптастар арасында жоғары оқу орнына түсуге немесе қызметтік мансапты құруға бағытталған оңтайлы оқыту ортасын құру;
  • оқу үдерісіне оқушылардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.

«Робот техникасы»  элективті курсының зерттеу нәтижесін бағалау  

                  тәсілдері

Курстан күтілетін нәтиже оқушылардың оқудағы жетістіктерін мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс арқылы формативті және суммативті бағалау жолдары бойынша бағаланады.

Формативті және суммативті бағалау курстың оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың білімі мен дағдылары жетістіктерінің деңгейін өлшеуге бағытталған:

 

МодульБілімДағдылар
 Оқушы біледі:Оқушы:
1Робот техникасы негіздерін, құрал-жабдықтарын, EV3 мәзірін.Роботтың түрлерін ажырата алады, бағдарламаны орнатады, роботтың прототип үлгісін жасайды.
2Роботтың қозғалыс теориясын, үлкен және орташа моторды, датчиктерді.Роботты құрастырады, үлкен және орташа моторды, датчиктерді қолданады.
3Моторды Тәуелсіз басқару блогын және оның баптауларын, роботты әртүрлі бұрышқа бұру механизмін.Роботты қозғалтатын бағдарламаның кодын жазады.
4Объектілерді табу және жылжыту үшін жанасу датчиктің жұмыс істеу принципін.Роботты құрастырады және бағдарламаның кодын жазады.
5WRO ережелерімен және сайыс тапсырмаларымен таныса алады.Жасаған роботты өз бетінше немесе топтың құрамында ұсына алады.

 

Формативті бағалау үздіксіз жүргізіледі және оқу үдерісін уақытылы жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.

Суммативті бағалау оқу курсының соңындағы өлшемдер бойынша ұсынылған жобаларды бағалау арқылы өткізіледі.

 

Жобаны ұсыну және көрсету өлшемдері

(роботтар, виртуалды роботтар)

 

ӨлшемдерСипаттама
1Түпнұсқалық және сапаЖоба айрықша үлгіде ұсынылған, жан-жақты ойластырылған және өмірде қолдануға жарайды (дизайн, тұжырымдамасын), оқушылардың шығармашылық қабілетін танытады.
2Техникалық тұрғыдан түсінуТоп роботты үлгілеу, құрастыру және бағдарламалау кезінде өз құзыреттілігін көрсетті, ұсынған жобасының нақты қалай жұмыс істейтінін түсіндіре алды, тиімді инженерлік тұжырымдамасын біліп пайдаланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Робот техника сабағына

қысқа мерзімді жоспар  үлгісі

 

Сабақ жоспары

 

Сабақ: Информатика

Тақырыбы: Робот техникасына кіріспе. Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, робот техникасының түрлері.

Мектеп:

 

Күні:Cабақ №1Мұғалімнің есімі:

 

Сынып:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)Робот техникасы білім негіздері туралы, пайдалану салалары, түрлері туралы білім қалыптасады.
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар:
 Робот техникасы негіздерін түсінеді, «робот» ұғымымен танысады, роботтардың түрлерін және пайдалану салаларын зерттейді.
Оқушылардың басым бөлігі:
«Робот» терминінің мағынасын анықтап, механиканың дамуы және адамзаттың техникалық жетістіктері  қандай екенін біледі.
Кейбір оқушылар:
Робот техникасы негіздерін,  техникасының түрлерін оның ішіндегі LEGO MINDSTORMS EV3Education топтамасымен  танысады.
Тілдік мақсатОқушылар:
 Негізгі сөздер мен тіркестер:
Робот,датчик,оператор,  LEGO, MINDSTORMS EV3Education топтамасы .
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
1.  Робот дегеніміз не?

2.  Робот техникасы дегеніміз не?

3.  Роботтар не үшін қажет?

Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
«РОБОТ» сөзін естіген кезде сіздің ойыңызда қандай бейне пайда болады?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Робот техникасы негіздерін,  техникасының түрлерін оның ішіндегі  LEGO MINDSTORMS EV3Education топтамасы туралы дәптерге түртіп алу.
Алдыңғы оқуРобот техникасының тарихы және болашағы.
Жоспар
Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)Ресурстар
Басталуы

3 минут

 

 

2 минут

Ой толғау

 

 

 

 

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Геометриялық фигуралар  арқылы топқа бөлу.

 

 

 

«ТОРОБ»  аннаграмасын шешіңдер.

Тақырыпты ашу.

Оқушыларды ауызша мадақтау, смайликтер арқылы формативті бағалаймын.

1. Робот техникасы 1-деңгей. (презен)

2. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша

ПКБАкурсының білім беру бағдарламасы

3.Үлестірме материал

 

Ортасы

 

20 минут

 

 

 

 

15 минут

«Ашық хат» әдісі арқылы жаңа тақырып бойынша үлестірмеден оқып, сұрақтарға жауап беруді тапсырамын.

1топ    Робот дегеніміз не? Роботтар не үшін қажет?

2топ    Роботтардың түрлері.

3 топ    Пайдалану салалары.

 

Жұптық  жұмыс: Үлестірме таратылады. (холодильник, пылесос, микроволновка, утюг, посудомойка, мед. инструмент )

Робот па? Неге робот деп ойлайсыңдар?

Талқылау. Бір мәмлеге келу.

Оқушыларды ауызша мадақтау, смайликтер арқылы формативті бағалаймын.

1. Робот техникасы 1-деңгей. (презен)

2. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша

ПКБАкурсының білім беру бағдарламасы

3.Үлестірме материал

Компьютер, деңгейлік тапсырмалар, смайликтер

Аяқталуы

2 минут

 

 

1 минут

Бекіту: «Жылдам сұрақ» әдісі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастыру.

Смайликтер санына және жұптық  жұмыстарының нәтижесіне қарай оқушылардың қорытынды бағасын жариялаймын.

«Күлегештер» әдісі арқылы сабақ бойынша оқушылар өз-өздеріне баға беріп, кері байланыс ұйымдастырамын.

 

 

Түрлі күйдегі смайликтер

Келесі оқу

1 минут

1. Робот техникасының тарихы,болашағы.Интернет
Қосымша ақпарат:   РОБОТ тақырыбы бойынша электрондық оқулықтан алынған қосымша материалдар
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Деңгейлік практикалық тапсырмаларды орындату және тақырып бойынша қосымша электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындату.Формативті бағалау: смайликтер, ауызша мадақтау және «Бағдаршам» әдісі арқылы.

 

Физика

Математика

Информатика

 

РЕФЛЕКСИЯ1. Бүгінгі сабақта үйренгендеріңіздің ішінен өзіңіздің дайындығыңызға нені пайдаланамын деп ойлайсыз?

2. Бүгінгі сабақта сізге бəрінен де не ұнады?

3. Бүгінгі сабақта қандай да бір түсініксіз сұрақтар болды ма? Бұл мəселені қалай шештіңіз/шешесіз?

4. Бүгінгі сабақта үйренгеніңіздің ішінен ең пайдалысы не болды (білім немесе дағдылар)?

5. Кез-келген өзге де пікірлер:

 

 

 

 

Тексерілді:   

 

 

Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектеп

 информатика пәні мұғалімі

Шунканова Бағымша Замадиновна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.