Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі әдістерді қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Мұғалім қызметіндегі маңыздылығының бірі кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Бұл жағдайда оқушының мәселені түсіну деңгейін анықтап, түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу мұғалімнің міндеті болып табылады. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осы сабақтың мақсатына жету және оқушылардың қалай оқып-үйренуіне ықпал ету үшін сабақ барысында жеті модульдің идеясын жүзеге асыратын әр түрлі стратегиялар мен әдіс-тәсілдер қолдану қарастырылды және мұғалімдерге арналған нұсқаулық, таратпа материалдардағы ақпараттар қолданылды. Мектептегі тәжірибе кезеңінде осы курстың Бағдарламасы бойынша сабақтар топтамасының жоспары әзірленді. Түрлі әдістердің қарастырылғанына қарамастан бұл бағдарлама сыни тұрғыдан ойлау теориясына негізделген. Мұғалімнің қызыметіндегі маңызды дүние оқушылардың өз ыңғайларына қарай меңгеретінін дұрыс түсіну керек. Бұл жағдайда оқушының деңгейін анықтап, оған көмек бере отырып, білімнің бірегей тәсілдерімен меңгерілгеніне көмектесу мұғалімнің міндеті. Сындарлы оқытудың мақсаты оқушының пәнді терең түсінуін дамыту. Сабақ барысында оған алған білімдерін кез — келген жерде қолдана алуға қабілетті болуын талап етеді. Сабақтың мақсатына жету оқушылардың қалай оқып үйренуіне ықпал ету үшін сабақ барысында жеті модулдің идеясын жүзеге асыру әртүрлі стратегиялар мен әдіс тәсілдерді қолдану қарастырылды. Сонымен бірге мұғалімге арналған нұсқаулық қолданылды.
Осы курстың бағдарламасын мектептегі тәжірибе кезеңінде сабақтар топтамасын жасауға басшылыққа алдым. Мектептегі тәжірибе кезеңінде 8 “A” сыныбында “Квадрат теңдеу” тақырыбын өткен кезінде жоспарланып өткізілді. Жоспардың басты мақсаты АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, материалдарды меңгеруде сыни тұрғыдан ойланып, өз бетімен жұмыс жасау, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерімен еркін сөйлеу, сенімділіктері мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастырды. Алдымен орта мерзімді жоспарлау барысында “Мұғалімге арналған нұсқаулықты, ресурстарды” қолдана отырып, оқушылардың білімі мен біліктілігіне және дағдысына қойылатын талаптар: яғни нені білуім керек? Нені меңгеру керек? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Оқушыларды жалықтырмайтындай қызықтырып тапсырмалар берілген жағдайда оқушылардың қызығушылықтары жоғары, шындап үйренгісі, көргісі келіп тұратыны мені қатты қуанытты. Менің мақсатым, табысты оқу мен оқытудың мәнін дұрыс аша білгенде оқушылар өздерін еркін қауіпсіз болуына жол ашу. Мұғалімнің көмегінсіз білімді өздігінен меңгеруі және өзін-өзі бағалауы, өзара бағалау керек екенін әртүрлі дәлелдер арқылы көрсеттім. Сабақ барысында оқушылар сұрақтары мен идеяларын ортаға салып, пікір таластырды. Сыныптағы оқушылардың жаңа үлгідегі сабаққа қарсы емес екендері, менің жұмысыма жаңаша көзқараспен қарағандары, менің өзгеріске деген қызығушылығымды арттырды. Сынып оқушылары топпен жұмысқа дағдыланбағандықтан алғашқы кезде ынтымақтастық орта аса жақсы бола қоймады. Бірақ, топпен жұмыс жасағанда оларға да қызық болып көрінді. Осыдан кейін бірлесе отырып тапсырмаларды орындауға кірісті. Гүл күлтешелерінің түсіне қарай сыныпты шаттық шеңберіне тұрғызып алып, қолдарына алған түстермен топқа бөлдім.
Бұл әдістердің барлығы дерлік оқушылардың сабаққа деген қызығушыларын оятты. Осыдан кейін сынып оқушыларының бір-біріне сыйластықтары артты, ынтымақтастықтары да жақсарғанын байқадым.Оқушылардың сабаққа белсене қатысуы үшін мұғалім оқушылардың өздерінің де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етуі керек екенін есте ұстауы керек. Мұғалім сабақ барысында өзінің сабақты қалай беретініне емес оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударады деген қағиданы да естен шығармадым.Сабақтағы оқудың дамуы барысында оқушылардың бір біріне деген қолдау көрсетуі, бір біріне түрткі болуы сияқты бағытталушылық дағдыларының қалыптасуына баса назар аударып отырамын.
“Сократтық” әдісі бойынша өткен сабақтағы теңдеу шешу түрлерін еске түсірді. Бағалау парағын таратып, бағалау критерилерін түсіндірдім. “Ойлан, Бірік, Бөліс” әдісі арқылы жеке, топта, ұжымда 16.3 есептегі квадрат теңдеудің коэфиценттерін табуда оқушылар топтаса отырып шығарды. Оқушылар теңдеудің коэффиценттерін ажырата отырып, өз ойларын ашық айтып отырды. Шешімін тез, әрі жылдам табуға дағдыланды. Топтағы жұмыс арқылы оқушылар бойында еркіндік пайда болғанын байқадым.Оқушылар тапсырмалар бойынша бір біріне көмек бере отырып өз топтарын алып шығу мақсатында тапсырмаларды орындауға құлшына кіріседі.
Оқушылар бір-біріне түсіндіру арқылы, өздерін өзара бағалауға дағдыланды. Белсенділік танытып, өзара бағалауға, постер қорғауда өздерін басқа қырларынан танытты.
Бағалау парақшалары арқылы топ мүшелері әр тапсырма бойынша қорытынды шығарып отырды.Өзара бағалау, топбасшының бағалауы жүзеге асырылды.Смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдіріп, балалар жазбаша кері байланыс берді.
Тәжірибенің келесі сабағында оқытудағы бағалау және оқуды бағалау СТО, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер АКТ модульдерін ықпалдастығының себебі, балалардың қажеттілігін анықтап, сабақтағы кедергілерді жоюға көмектеседі. Яғни, оқушыларға оқудағы кедергілерді жоюға көмектеседі, танымдық, әлеуметтік, экономикалық дағдылары қалыптасты. Екінші сабаққа, ұйымдастыру кезеңінде психологиялық ахуалды қалыптастырып “Мен саған тілеймін” атты сергіту сәті арқылы бастап, оқушыларды “Миға шабуыл” тәсілі арқылы қайталау сұрақтарын бере отырып, “Теңдеу”, “Квадрат”, “Дәреже” деген атпен топтарға бөлдім. “Сөйлемді жалғастыр” тәсілі бойынша, есептің белгісіз коэффиценттерін табуға берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігі артты.
Әжібай Есенкүл Сабырқызы,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№ 3 ЖББ математика пәнінің мұғалімі.