Home » Жаңалықтар » Республикалық олимпиаданың қатысушылары Павлодардың көрікті жерлерімен танысты

Республикалық олимпиаданың қатысушылары Павлодардың көрікті жерлерімен танысты

Жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиаданың қатысушылары үшін 15 наурыз мәдени-танымдылық іс-шаралар күніне арналды.

Күннің бірінші жартысында мектеп оқушылары үшін «Армысың, Павлодар» атты қалаға саяхат ұйымдастырылды. Колледждер мен жоғары оқу орындарының волонтер-студенттері қонақтарды Павлодар қаласының тарихи көрікті жерлерімен таныстырды. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атындағы орталық мешіт, Благовещенск соборы, Г.Н.Потанин атындағы өлкетану мұражайы, Ертіс өзенінің жағалауы қонақтарға жағымды әсер қалдырды.

Түстен кейін қатысушы командалар қаланың білім беру мекемелеріне барды. Қонақтар үшін мектептер өз күштерімен ұйымдастырған концерттерін, декоративті-қолданбалы өнер көрмелері дайындады.

Мәдени бос уақыт шеңберінде олимпиада қатысушылары Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театры және А.Чехов атындағы орыс драма театрында спектакльдер көрді.

16 наурызда қатысушылар олимпиаданың екінші турында жарысатын болады.

Барлық олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейік!

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.