Home » Жаңалықтар » Маңғыстау мамандары жарап тұр!

Маңғыстау мамандары жарап тұр!

Ағымдағы жылғы 20 маусымда, кәсіби мереке — Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының финалдық кезеңі өтті. Маңғыстау облысынан конкурстың облыстық кезеңінде үздік деп танылған 7 әкімшілік мемлекеттік қызметші қатысты.

Республикалық комиссия республиканың әр өңірінен келген 10 мемлекеттік қызметшіні үздік деп таныды. Қуантарлығы, облыстың 2 бірдей әкімшілік мемлекеттік қызметшісі үздіктер қатарынан көрінді.

Әсел Балманова, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары ауылдық деңгейдегі әкімдерді бағалау бойынша жоба ұсынған болатын. Жоба республикалық комиссия тарапынан қызығушылық туғызды.

Сондай-ақ, Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Раушан Кесікбаеваның бұрынғы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселесі бойынша жобасы да үздік жобалардың бірі ретінде танылды.

Әсел Аманбекқызы мен Раушан Қадырбергенқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Өткен 2018 жылы да Маңғыстау облысының 2 әкімшілік мемлекеттік қызметшісі үздік жиырманың ішінен көрінгендігін еске сала кеткен жөн. (Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов және Маңғыстау облысының Қаржы басқармасының бөлім басшысы Рамир Алекберов)

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.