«Айгөлек» тобы
27 сәуір мен 05 мамыр аралығында қысқа мерзімді «Растим батыров» атты жоба іске қосылды.
Тәрбиелілігі: Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Қазіргі ер балалардың қандай болу керек екендігін және де жасөспірім кезіндегі туындайтын әке мен бала, аға мен іні арасындағы қатынас туралы түсінік беру.
Халқымызда: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» — деген даналық сөз бекер айтылмаған. Сол себепті, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, тәрбиелеуде балабақша педагог-тәрбиешілерінің атқарар міндеті зор. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – ол балабақша.
Ендеше, балабақшада балаларға берілетін тәрбиенің ең алғашқысы патриоттық тәрбие болып табылады. Қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қабанбай т.б. батырлар – жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен, елін, жерін сүйген батырлар.
Олай болса, мұндай батырларға арналған батырлар жырын ерте жастан балабақша қабырғасында айтып, бала құлағына сіңірсе, ол бала ертең өз елін, жерін, Отанын сүюінің негізі болып табылады.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.
Балалар барлық іс-шараларға белсенді және қызығушылықпен қатысты, өздеріне қызықты сұрақтарға жауап алды.
Балабақша балаларын патриоттық сезімін арттыру мақсатында ертеңгіліктер болып өтті. Топ тәрбиешілері түрлі тақырыптарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін мен іс-шараларын көрсетті.
Мерзімі | Тақырыптары
|
27.04. | Қалалық Өлкетану мұражайына саяхат |
Әңгімелесу: «Мұражайда мен не көрдім?» | |
Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қабанбай т.б. батырлардың өмірбаянымен таныстыру | |
28.04. | Кітапханаға саяхат |
«Қазақстан Республикасының» рәміздері туралы әңгімелесу | |
«Екі батыр» атты мультфильм қарау | |
03.05. | Әңгімелесу «Қазақстанның қарулы күштері» |
Аталары мен әкелерге мерекеге арнап қолдан сыйлықтар жасау | |
Отан туралы әндер айту | |
Сюжетті-рөлді ойын: «Отан қорғаушы» | |
04.05. | «Жеңіс паркіне»саяхат |
Ескерткіштерге гүл шоғын қою Әңгімелесу: «Соғыс ардагерлеріне тағзым ету» | |
Техника ескерткіштерімен таныстыру Суретке түсу | |
05.05. | Ата-аналармен бірігіп «Растим батыров» атты спорттық іс-шара ұйымдастыру |
«Мен әскерде қалай борышымды атқардым»- әкелердің әңгімесі | |
Мерекелік концерт |
Қалалық Өлкетану мұражайына саяхат
Кітапханаға саяхат
«Жеңіс паркіне» саяхат
Ата-аналармен біріккен «Растим Батыров» атты спорттық іс-шара
Кудасова Шынар Аханқызы
№1 бөбекжай-бақшасы,
тәрбиеші
Қостанай қаласы