Home » Ашық сабақтар » Рамазанова Майра. ВИКТОРИНА: «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ ҚАЖЕТ ПЕ?»

Рамазанова Майра. ВИКТОРИНА: «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ ҚАЖЕТ ПЕ?»

Рамазанова Майра Насыровна

«Алпамыс» бөбекжай-бақшасы»
МКҚК меңгерушісі

СҚО, Петропавл қаласы

 

 

 

 

 Мақсаты: Ата-аналардың патриоттық тәрбие туралы жалпы ойларын қалыптастыру.

Міндеті: Қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, ұлттық мәдениет  туралы мәліметтерді тәжірибе жүзінде қолдану қажеттілігінің болуын қолдау. Отан, туған өлке, ауыл туралы түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау.

Құралдар: презентация үшін экран, маркер, мальберт, ақ қағаз, текше, 5 тақырыпқа бөлінген үстел орындары.

Өтілуі:

Тәрбиеші: Салеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!  Бүгінгі біздің кездесуіміз «Тартымды адамдармен кездесу» деп аталады. Тартымды адамдар- бұл біз және сіздер.

-Мектепке дейінгі жастағы балаларды париоттыққа тәрбиелеу қажет пе?

Кейбіреулер «қажет емес, бала балалықты сезіну керек, балалығы ойынмен өту керек» дейді. «Патриоттық» сөзінің мән — мағынасын түсінбегендер осылай айтады.

-Құрметті ата-аналар сіздер «Патриоттық» сөзін қалай түсінесіздер? («Патриоттық» сөзін іледі)

/ата-аналар жауабы/

Тәрбиеші:  Біздің балабақшада сіздің балаларыңызды отаншылдық сезіміне қалай тәрбиелеп жатқаны туралы перезентацияға назар аударыңыздар.

Отаншылдыққа баланы мектепке дейінгі жастан бастап тәрбиелеу керек. «Бәрі балалық шақтан басталады» деген даналық сөз бар.  Ана тілін бала сәби кезінен ананың әлдиінен естиді.  Ертегілерден халық үшін ең қажетті байлық  еңбекқорлықты, достықты, өзара көмектесуді үйренеді. Бала ертегіні тыңдай отырып халық не сүйсе соны сүюге, халық нені жек көрсе бала соны жек көре біледі.  Мақал-мәтелдер арқылы баланың бойында  өз халқына, туған еліне деген сүйіспеншілігінің басталуы қалыптасады. Баланың  Отанды сүюі  отбасындағы  ең жақын адамдары -әкесіне, анасына, атасына, әжесіне деген қарым-қатынасынан және өзі тұратын үйі, көшесі, балабақшасын жақсы көруінен басталады. Бала әлемінде ең алғаш туған өлкенің табиғаты енеді. Ағаштар, гүлдер, өзен, ал баланың жалпы нақты қабылдауында оның сүйкті ойын бұрышы, жақсы көретін ағашы, саябаққа жүретін жалғыз жол пайда болады. Мұның барлығы  баланың есінде өмір бойы мәңгі сақталады. Сондықтанда баланы  Отанмен таныстыру кезінде педагогтың алғашқы рөлінде  қоршаған табиғат пен қоғам бастау алады. Патриоттық сезім мағынасы көпқырлылықта. Бұл дегенің туған жеріне деген махаббат, өз қалқына деген мақтаныш, қоршаған ортамен өзінің ажырамас бөлігі екенін сезіну, өз елінің байлығын көбейту және сақтауға деген ықыласы. Сондықтанда біздің міндетіміз: баланың  өзінің от басына, үйіне, балабақшасына, көшесімен ауылына деген сүйіспеншілікке және  ынтықтыққа тәрбиелеу; барлық тірі жанға және табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру; қазақтың ұлттық салт-дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бұл міндеттер бала іс-әрекетінің барлық түрінде шешіледі. Әсіресе ойын, қарым-қатынас, еңбек, танымдық-ізденіс, музыкалық-көркемдік, оқу барысында .

Баланы патриоттық тәрбиелеу — ең қиын педагогикалық үдеріс. Оның негізінде адамгершілік сезімнің дамуы жатыр.

Балабақшада бұл жұмыс жоспарлы, әрі жүйелі түрде жүргізіледі.

Жыл бойы адамгершілік- патриоттық тәрбие бойынша мерекелік іс-шаралар, тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі, көрмелер мен сайыстар өткізілді және  онда әрине біздің топтың балалары белсенді қатысады.

Тәрбиеші: Біздің кездесуімізді жалғастырайық. Құрметті ата-аналар сіздердің отбасыларыңызда  білуге құмарлық, баланы тәрбиелеудегі  парызыңыз қалай өтіп жатқаны туралы өз тәжірибелеріңізбен бөлісе отыруларыңызды өтінемін. Қай тақырып жақын болса сол орынға жайғасыңыздыр.

(ата-аналар отырып өз тәжірибелерімен бөліседі)

*Ғажайып кең-байтақты көріп тұрмын…(Ағаш бейнесі) сіздің отбасыңызда туған өлкенің байлығы туралы баланың түсінігін  қалай кеңейтесіз?  Сіз туған өлке табиғаты үшін жауапкершілік сезіміне қалай тәрбиелейсіз?

*Тұрмыс және салт-дәстүр… (киіз үй бейнесі) сіздің үйде киіз үймен таныстыру қалай өтеді? Қорғау сөзінің түсінігін балаға айтасыз ба? Сіз балаларыңызға мұсылман мерекелері туралы айтасыз ба? Немесе сіздің үйде отбасылық дәстүр ретінде  мұсылман мерекесі бар ма?

*Мақтанышы елімнің … (Ту бейнесі) Қазақ батырларын  мақтаныш ету сезіміне балаңызды қалай тәрбиелейсіз? Қазақстан Республикасының  Туы мен Елтаңбасы туралы түсіндіресіз бе?

* Ана-тілің арың бұл… (кітап бейнесі) қазақ әдебиет сарқылмас байлықтарымен балаңызды таныстырасыз ба? Балаңызға кітап оқып бересіз бе?

* Ата өнері — балаға мұра… (ою бейнесі) қазақтың ұлттық өнерлері туралы қалай  білімдерін кеңейтесіз?


Тәрбиеші:
Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Викториналық ойын: «Жеті –қасиетті сан»

Екі командаға 7 кісіден бөлінеді.

1-сайыс:  «Кел танысайық!» Әр команда мүшесі бейджикқа үлкен, әрі түсінікті етіп өз аты-жөнін жазады. Қай команда бірінші жазып болса және «Дайын!» деп хормен жауап берсе, сол команда текше  беріледі.

2-сайыс: «Жеті атасын білмеген- жетесіз»

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті атаңды ата/ата-аналар жауабы/

3-сайыс:

1-ші Командаға тапсырма: 

Жеті жұтты ата. /ата-аналар жауабы/

  1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқты ата./ата-аналар жауабы/

  1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

2-ші командаға тапсырма:

Жеті қазына: /ата-аналар жауабы/

  1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

Жеті жетім. /ата-аналар жауабы/

Тыңдамаған сөз жетім.

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл жетім.

Жерінен айырылған ер жетім.

Замандасы қалмаса – бәрінен де сол жетім.

Әр жауапқа текше беріледі.
Музыкалық  үзіліс
Балалар «Аударыспақ» биі.

4-сайыс: «Құлақтан кіріп бойды алар. Жақсы ән мен тәтті күй»

Сіздің балаларыңыз керемет ән айтады, енді сіздер әншіліктеріңізді көрсетіңіздер.

Сіздер кезекпен  «Отан»,  «ел», «ана» «туған жер», «астана» сөздері кездесетін  ән орындайсыздар.

5-сайыс: «Сөз құрастыр» 

Қазір сіздердің сөздік қорларыңыз бен зейіндеріңізді тексереміз.

«ПАТРИОТТЫҚ» сөзінің әрбір әрпіне   сөзге сай  құрастыру. Қай команда бірінші құрайды, сол командаға текше беріледі.

Музыкалық үзіліс.

«Атамекен»әнін орындайды

6-сайыс: «Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды»

Отансүйгіштік туралы сөз қозғағанда,  қазақ халқы қиын қыстау кезінде бір үзім нанды бөле жеп,  ұлдары бір үйдің баласындай елді, жерді  қорғап жауға шапқанын қалай еске алмасқа. Қазақ елінің ер жүректі, батырлары жасасын!

  • Аты аңызға айналған қазақ батырларын ата.
  • Батырларды жақсы біледі екенсіздер, енді батырлардың сыртқы бейнесіне мінездеме беріңіздер.
  • Олай болса батырды өздері мінген тұлпарымен сурет салуыңызды өтінемін.

Әр командаға мольберт ақ қағаз, маркер беріледі. Команданың әрбір мүшесі суртеке бір бөлшегін салады.  (мысалы: басы, көз, ат, бас киімі т.б.)

7-сайыс: «Сүйікті ауылым»

Пазл жинақтау (мектеп, клуб) . Жылдам болған командаға текше.

8-сайыс: «Саусағы ұзын — биші болар,

Құлағы үлкен — күйші болар».

Ал қазір кішкене демаламыз.

Қазақтың ұлттық биі «Қара жорға»

Егер командада бір кісі билемей тұрса  текшеден  айырылып қалады.

Тәрбиеші: Әділ – қазылар қортындысын шығарғанша, біз сіздерге құрметті ата-аналар алғыс айтқымыз келеді.  Бір ұйыммен қатысқандарыңызға рахмет!

Сіздерден өтініш ата-ана, ата-әже, мұғалімнен алған, оны өз өмір жолында игерген  білімдеріңізді, құпия сақтамаңыздар —  балаларға сыйлаңыздар, олар өз Отанын сүйсін, оның мәдениетін сақтасын.

РЕФЛЕКСИЯ: Құрметті ата-аналар!  Қазір  сиқырлы шумақ ойынын ойнаймыз — жіптің ұшын ұстай отырып —  шумақты бере отырып, бүгін қандай қажетті ақпарат алғандарыңызды, не ұнады, өздеріңіздің тілектеріңіз бен өз пікірлеріңізді айта отырыңыздар.

Тәрбиеші: Қазақ халқы қай уақытта болмасын қонақжайлылығы ерекше. Қонақжайлылық — адамның келген қонаққа деген ілтипат пен ізетпен қарауы. Қазақтардың қанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Олай болса, біздің қонақтарға арнайы жайылған дастарханымыздан  дәм-тұз татыңыздар!

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.