Home » Мақалалар » Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі)

Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі)

Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі — оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мұғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет. Ол әр педагогтан өз қызметінде жеке тұлғаға, оның қызығушылығы мен проблемасына бет бұруда маңызды өзгерісті талап етеді. Біз де әрдайым білім берудің жаңа технологиясын меңгеріп, жұмыстың тиімді жолдарын табу үшін жұмыстану үстіндеміз. Мақсатта айқын. Ол — балалардың оқуға қызығушылығын және ынтасын көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану, баланың жеке тұлғасын және шығармашылық ынтымақтастық жағдай қалыптастыру.

Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық  колледжінің бірқатар оқытушылары өз сабақтарын оқытуда пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі (CLIL), тілдік ортаға ену және командалық оқыту әдісін пайдаланылады.

Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL әдісі (Content Language Integrated Learning) пән мен тілді кіріктіріп оқытуға ықпал етеді.

CLIL — екі мақсатты көздейтін оқыту әдістемесі:

  1. Екінші немесе үшінші тіл арқылы пәнді оқыту
  2. Пән арқылы тілді оқыту.

CLIL әдісін қолданатын мұғалім тек пән мұғалімі немесе тек тіл мұғалімі болмауы тиіс, керісінше, пән мен тілді қатар оқытуы керек. Бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, мұнда  түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде жүзеге асырылады.

Осылайша, сабақты CLIL әдісі бойынша жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап айтсақ, мәдени хабардарлығын, тілдік құзыретін дамытады, тек оқуға ғана даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге – болашақ түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға,  олардың ұтқырлығы мен тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін арттыруға әкеледі.

CLIL әдісін қолдану мұғалімнен: пәндік білімін жетілдіруді, ресурстарды кеңінен қолдануды, сабағын тиянақты жоспарлауды, кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруды талап етеді.

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтеру құралы.  Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білікті де білімді маман болу үшін әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдер үшін маңызды мәселе болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр оқу орнының жауапкершілікпен атқаратын міндетінде.

CLIL әдісін қолдану барысында: әр сабақтың пәндік және тілдік мақсаттары болуы керек, мұғалім оқушылардың сол мақсаттарға жетуін қадағалауы қажет, сабақта тірек сөздермен жұмыс жасалуы қажет, айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым дағдылары дамытылуы қажет, белсенді оқу әдістерін қолдану қажет.

CLIL әдісін қолдану барысында тапсырмалар: мақсатқа бағытталған, оқушылардың тіл деңгейлеріне сай, орындауға қызықты, ынталандыратын, бір-бірімен логикалық түрде байланысқан болуы қажет.

Үш тілді бірдей меңгеру әрбір қазақстандық жастың міндеті. Қазіргі білім беру саласында да үштілділікті енгізу жаппай қолға алынуда. Біздің мақсатымыз — жан жақты, бәсекеге қабілетті, көптілді білетін, қазіргі заманға сай маманды даярлау. Осы мақсатта мен де, болашақ іс жүргізуші мамандардың үш тілді қатар меңгеруі бастамасын жүзеге асыруды мақсат еттім. Өз сабақтарымды CLIL технологиясын басшылыққа ала отырып өткіземін.

Мысалы, 1201000 <<Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>     мамандығының 3курс студенттеріне <<Электротехника>>    пәнінен CLIL технологиясы арқылы өткізілген сабақта оқушылардың ағылшын тілінде оқу, сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін үй тапсырмасы үш тілде компьютерленген тест тапсырмасы арқылы тексерілді. Лайықты деңгей тапсырмасында сабақта кездесетін жаңа сөздермен танысып, терминдер бойынша сәйкестендіру тест тапсырмалары орындалды. Жоғары деңгейде тапсырма ретінде мәтінмен жұмыс жасалып, «Сен-маған, мен-саған» ойыны арқылы бір-біріне ағылшын тілінде сұрақтар қойылды. Кейін Ұлттық мұрағатта түсірілген бейнефильм көрсетіліп, сол бойынша берілген сөйлемдерден шын мен жалған ақпаратты табу көзделді. Сабақ үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтар қойылатын «Тапсырма схема» және «Полиглот» ойындарымен бекітілді.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» – деп атап көрсетті. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары кәсіби мамандар дайындауымыз керектігін айтты.

Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.

Елімізде білім беру мазмұны жаңарып, «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL)» әдістемелік нұсқаулық оқытудың жаңашыл көзқарас пайда болуын қалыптастырады.

Мұғалім өз ісінің маманы болуымен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып  жатқан  өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау  жасай  білетін  маман  болуы  шарт.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген  адам  әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы  білуі керек» — деген  тұжырымында  «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.

Умбетжанов Ербулат Серикбаевич,
 жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы
«Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі»
КММ Қарағанды облысы, Жанаарқа ауданы.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.