Home » Ашық сабақтар » Пішіндер

Пішіндер

Ашық кіріктірілген оқу қызметі
Білім саласы: Денсаулық, Таным
Білім бөлімі: Дене шынықтыру, Қарапайым математика
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайта отырып, геометриялық пішіндерді айналадағы заттардың пішіндермен байланысты екенін, көлемін бақлай отырып меңгерту. Балаларды шапшаңдылыққа, ептілікке баулу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, фетр мата.

Шаттық шеңбер
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!

Тәрбиеші: Балалар, қазір қандай мезгіл?

Балалар: Күз

Асылзат:   Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала

Астық дала сәулеті

Біздің дала бай дала

Тәрбиеші: Балалар енді мынау үстелдің үстінде қолдың бейнесі. Бұл жай бейне емес, бұл арман тілегімізді орындайтын бейне. Ал орнымыздан тұрайық, осы бейнеге қолымызды қояйық. Ал, балалар ғажайып пішіндер еліне келдік. Пішіндердің түсімен, бұрышымен, қабырғаларымен таныстыру.

Тосын сәт.
Тәрбиеші шар алып келеді. Онда сайықмазақтың шар арқылы берген тапсырмалары. Тәрбиеші шардағы хатты алып оқып шығады.

-Балалар, осы тапсырма қызық болу үшін екі топқа бөлініп жарыс ұйымдастырайық.

Терезені пішіндермен құрастырып жамау. Балалар шеңберден өтіп ирек жолмен барып әртүрлі кесінділерді тақта бетіне жапыстырады.

Тәрбиеші:— Балалар, мына суретте пішіндерге ұқсас заттарды табамыз.
Балалар: .Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш сопақша, үшбұрыш пішіндерді ажыратады
Тәрбиеші: -Балалар, енді карточкалар арқылы заттардың пішіндерін ажыратамыз. Алма неге қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Дөңгелек
Тәрбиеші: Қияр, терезе, шырша, кітап қандай пішіндерге ұқсайды. Карточкалар арқылы белгілейміз.
Енді пішіндер туралы тақпақ айтады.
Сергіту сәті
Музыка арқылы қимылдар жасау.
Ұжымдық жұмыс

  1. Балапанды құрастырып жапсыру;
  2. Мысық құрастыру;
  3. Көбелекті әсемдеу;
  4. Желкенді кеме жасау.

Қорытынды.
Тәрбиеші балалар жұмыстарына талдау жасап, жақсы қатысқан балаларды ерекше атап өтіп мақтап мадақтау.

 

 

Султанбекова Гулбану,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы, Атакент кенті
«№2 Әсел» бөбекжай балабақшасының
ІІ-кіші «Күншуақ» тобының тәрбиешісі 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.