Білім беру жүйесінде оқушылар мен мұғалімдер және ата- аналар үшін психологияның рөлі ерекше. Мектеп психолог мамандары педагогикалық ұжымы мен оқушылардың психикалық жағдайын сақтауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және тәрбиеленушілер мен педагог қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен тұлғасын дамытуға, өзінің қабілеттеріне, бейімділіктеріне, денсаулық жағдайына қарай оқушылардың өз мүмкіндіктерін анықтауына, оқушыларды тәрбиелеуде, оларға өзара көмек көрсету, мейрімділік пен жауапкершілік және өзіне деген сенімі секілді ұстанымдарын қалыптастыруда педагог қызметкерлерге, ата-аналарға бағыт-бағдар беріп келеді. Аудан мектептерінде педагог- психологтардың жүргізіліп жатқан жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру және ата-аналармен психологиялық сүйемелдеуді нығайту мақсатында барлық аудандық білім бөліміне қарасты білім ұйымдарында соның ішінде «Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебінде 1-28 ақпан аралығында «Бала тәрбиесі — ортақ іс» тақырыбында психологиялық айлық өткізіліп жатыр. Алдымен, мектептегі психологиялық ахуалы зерттеліп, мұғалімдердің бойындағы агрессия деңгейін және жұмысқа мативациясын анықтау мақсатында зерттеулер, «Қазіргі жасөспірімнің психологиялық бейнесі» тақырыбында мұғалімдермен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып, ата–аналар үшін «Ашық есік » күні және ата- аналар мен оқушылар арасында 1-4 сынып оқушыларымен дамыту жұмыстары, 5-11 сынып оқушылар арасында тренингтер, сайыстар, сурет байқаулары, флешмобтар, өнер байқаулары, пікір- сайыстар өткізілді. Рухани құндылық – бала тәрбиесінің бастауы екені сөзсіз. Солардың бірі, 5 «Ә» сыныбында «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» тақырыбында бірнеше тапсырмалар ұйымдастырылып, бала тәрбиесі туралы әңгімелер мен пікірлер айтылды.
Сондай-ақ, 7 «А» сынып оқушылары мен ата-аналар арасында оқушылардың спорттқа деген қызығушылығын арттыру және денсаулықтың қадірін бағалау, жылдамдылық пен мергенділік, күш төзімділігін шыңдау мақсатында «Көңілді тапқырлар» спорттық сайысы және мұғалімдер арасында «Жарық жұлдыз» сайысы, 6 «А» сыныбында «Бақытты отбасы» тренингтері өтті. Соңында психологиялық айлықтың қорытындысы жасалып, марапаттау жұмыстары жүргізіледі.
Қырықбаева Зәуре Жұмабайқызы,
ОҚО, Шымкент қаласы. Қазығұрт ауданы,
«Қазанның ХХХ жылдығы» жалпы орта мектебі