Америка Құрама Штаттарынан жақсы жаңалық келді. Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат Гарвард университетінде білім алу грантына ие болды.
Жас талант иесі топологияны әлемдік деңгейде зерттеуді жоспарлап отыр. Математиканың осы бөлімінде Ақназар үлкен жетістіктерге жетіп үлгерді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 – жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» форумында оқушыны өзінің зерттеу жұмыстарын Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстыруға мүмкіндік алды. Елбасы Ақназарға батасын беріп, Гарвард университетіне түсетініне сендірген болатын.
Қазақстандық вундеркиндтің Гарвардқа түскен жолы физика мен математикадан ұйымдастырылған әлемдік беделді олимпиадалардағы жеңісінен басталды. Күні кеше Ақназар халықаралық емтихандарда таңқалаларлық нәтиже көрсетті. ACT мен SAT Subject Tests, ең жоғарғы – 36 дан 36 және 2400 ден 2400 ұпай алды. Гарвард университетінің сайтындағы ақпарат бойынша (https://college.harvard.edu), оқуға түскендердің төрттен бір бөлігі ACT — дан 33 балл алса, қалған 75% 35 ұпай жинаған.
– Зияткерлік мектеп оқушысы аспирантураны аяқтағаннан соң Қазақстанда ғылыммен айналысамын, – деп отыр.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында А. Қажымұраттың жетістігі барша Зияткерлік мектептер жүйесі үшін сый болды. Оқушы болса жетістік маған емес НЗМ жүйесіне тиесілі деп ағынан жарылды.
Гарвард университеті (Harvard University) – АҚШ көне оқу орны. 1636 жылы құрылған университет әйгілі «Лига плюща» – американың элиталық университтерінің қатарына кіреді. Гарвардтың үздік университет екендігі әлемдік рейтингтардан да белгілі. Университет Нобель сыйлығының лауреаттар санындағы абсолютті рекордшы – 158 ғалым.