Тәп-тәтті қылықтарымен қоса қызығушылықтары пайда бола бастайтын балалық шақта бүлдіршіндерді өнерге баулу өнегелі іс. Балабақшадағы бүлдіршіндерімізге рухани мәдени мұраларымызбен ұлттық құндылықтарымызды жан-жақты таныстырып насихаттау ұлттық тәрбиенің қайнар көзі. Соның ішінде балаларды бейнелеу өнеріне баулу жас ұрпақтың көркемдік –эстетикалық талғамын қалыптастырып, өнерге деген қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін оятуға көмектеседі. Сол арқылы бала бояу түстерін ажырата білуге, көркемдік мәнерін түсіне білуге үйренеді.
Ашылғанына 36 жыл болған қаладағы №27 іргелі «Балауса» балабақшасы қала бойынша жалғыз ғана бейнелеу өнері бағытында жұмыс жасайтын білім ордасы. Аталмыш балабақша меңгеруші Әсел Әділбайқызы өзі басқарған қысқа ғана уақыт ішінде бүлдіршіндердің ой-санасын дамытуға көмегі көп бейнелу өнері студиясының жұмысын жандандыруға ерекше көңіл бөлген. Осы шаңырақта 20 жылдан астам қызмет етіп, өзіндік тәжірибесін қалыптастырған бейнелеу студиясының басшысы Каримова Эльвира Сапарбаевнаға кең ауқымда шығармашылық жұмыс жасауына мүмкіндік берді.
Дәл осы шығармашылық жұмыстың аясында білім ордасы қараша айында «Президентке сыйлық» тақырыбында жас суретшілер байқауын ұйымдастырды.
Астана қаласы бойынша 23 балабақшаның 4-7 жас аралығындағы жас суретшілерден 250-ден астам туынды қабылданып 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында жүлдегерлер марапатталды.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Республика мен бүкіл халық алдындағы көрнекті жетістіктерімен қызметтегі белсенділігі туралы мектеп жасына дейінгі балалардың түсініктерін кеңейтуді мақсат еткен байқау өз дәрежесінде өтті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы жолындағы Президенттің айқын рөліне жас ұрпақттың қөзқарастарын қалыптастыруға үлес қосу, дарынды балабақша тәрбиеленушілерін анықтау және қолдау, балалардың рухани, адамгершілік және патриоттық тәрбиесін дамыту міндеті де орындалды деуге әбден болады. Балаға қиянат жасау кешірілмес қателік екенін жақсы түсінген Әсел Әділбайқызы арнайы мамандардан құралған әділқазылар тобын шақырған. Олардың құрамында Еуразия ұлттық университетінің п.ғ.к., доценті, профессоры Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы, білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері, Тусупова Дидар Тлеутайқызы №93 «Айгөлек» балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Темірболат Әлия, №63 «Әсем-Ай» балабақшасы шағын орталығының әдіскері, «Есіл» ауданының модераторы Кабылова Румхан Балгабаевна және «ARTUMAR» галереясының директор орынбасары Бекова Даметкен Мухамедьяновна әділқазылық етті. Жеңімпаздарды марапаттауға ата-аналар,тәрбиешілері арнайы келіп жүлдегерге диплом табыс еткен тағылым мен тәрбиені ту етіп, білгенін үйретуден жалықпаған бала жанының бағбаны Фатима Ниязбекқызы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің бас маманы Орынбасарова Ләззат, Дәметкен Бекова және бейнелеу студиясының ұстазы білікті маман Эльвира Сапарбаевнамен естелік суретке түсті. Жеңімпаздар қатарынан көрінген №27 «Балауса» балабақшасының 5 жасар тәрбиеленушісі Таласпеков Альтаир, «Менің отбасым» тақырыбындағы суретімен Гран При иегері атанды.
№45 «Самұрық» балабақшасынан 4 жасар Тишбек Мирас «Күн батуы»тақырыбындағы суретімен I-дәрежелі Диплом, №30 «Қайнар» №13 «Тұлпар» балабақшасынан — Абенов Адис, Бекжанова Малика II-дәрежелі Диплом, №20 «Арайлым» », №14 «Ақбөпе», №65, «Бал бала» балабақшасынан Кащеева Алиса, Семочкина Елизаветта, Умиров Ернұр III-дәрежелі Диплом иегері атанды.
Аталымдар бойынша №52 «Еркетай» балабақшасынан Мұратбек Нұрайым «Ең жас суретші», №58 «Өркен» балабақшасынан Мақсұт Айша, «Ерекше ашылған тақырып», №35 «Ертегі» балабақшасынан Беисов Ерасыл «Үздік орындаушылық шеберлік», №51 «Алтын сандық» балабақшасынан Жумабекова Анель, «Үздік графикалық жұмыс», », №6 «Көктем» балабақшасынан Качановская Ульяна «Үздік кескіндеме жұмыс» №27 «Балауса» балабақшасынан Петля Анна. «Дарынды бастау үшін» марапатталды.
Әсем безендірілген зал іші баланың шат-шадыман күлкісіне толды. Өнерлі ұрпақтың әсем әнімен тамаша биіне таңдана қарап, қолына қыл қаламды серік етіп, үш тілде білім беріп заманауи ұрпақ тәрбиелеуде оқ бойы озық келе жатқан балабақша ұжымына шексіз риза болдық. Әрқашан тек осындай биіктен түспеңіздер.
Әлия Ғалымбекқызы,
«Білім айнасы» Астана қаласы.