Home » Жаңалықтар » Поэзиядағы мәңгілік  ғұмыр

Поэзиядағы мәңгілік  ғұмыр

Мұқағали – сыршыл ақын. Әдебиет поэзиясында ойып тұрып орын алған ақиық  ақынның  9 ақпан – туған күнінде білім беру мекемелерінде поэзиялық кештер ұйымдастырылатыны хақ.

 Сол секілді Батыс Қазақстан облысына қарасты Шағатай ауылдық кітапханасында да  ақынның  туғанына 88 жыл толуына орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты поэзиялық кеш өтті. Шарада әдеттегідей  Ы.Алтынсарин  ЖОББ мектебінің 4«б»-сынып  оқушылары  белсенділік  танытты. Кеш кітапхана меңгерушісі Мәншүк Жолдығалиқызының  құттықтау  сөзімен  басталды. Мәншүк Жолдығалиқызы өз сөзінде бұл күннің өте маңызды екенін атап өтіп, оқушыларға  алғысын  білдірді. Кітапханашы Фариза Салаватқызы ақынның шығармашылығымен таныстырып, балаларға бірнеше  сұрақтар қойды. Оқушылар  қызыға да талаптана жауап беріп, ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Бұл Шағатай ауылдық кітапханасындағы алғашқы шара емес. Атаулы күндері түрлі кештер өтіп отырады. Бұл шәкірттер  үшін де пайдалы. Балаларды шығармашылыққа баули отырып,  кітапхана әлеміне қызықтыра түседі. Осындай шараны ұйымдастырушыларға алғыс айта отырып, жұмыстарына толағай табыстар тілеймін!

 

Ақманет ТАЖМУХАНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі,
Теректі ауданы, Шағатай ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.