Home » Білім және тұлға » Портфолио дегеніміз не?

Портфолио дегеніміз не?

Еңбек нарығында кітапханашының бәсекелістігі оның жаңа технологияларды меңгеруіне және еңбек жағдайының өзгеруіне бейімделуіне байланысты болады. Кітапханашының жетістікке жетуі үшін қандай дайындықтары болуы керек?

1) Проблеманы шешуге дайындық – оның үйреншікті емес жағдайды сараптау қабілеті, алдына мақсат қойып, оны жоспарлап, оған жету жолдарын анықтап, оның өмірде іске асуын қамтамасыз етуі.

2) Технологиялық сәйкестік – жаңа нұсқауларды түсінуге, технологияларды сипаттауға, жаңа технологияларды меңгеріп, оны сауатты қолдана білу дайындығы.

3) Өз бетімен білім алуға дайындық – жаңа мәселелерді шешуде өз біліміндегі олқылықтарды анықтау қабілеті және өзінің кәсібі біліктілігін арттыру, керек болса өзгерту, өз бетінше қойылған мәселені шешу үшін білім мен шеберлікті меңгеруі.

4) Ақпараттық ресурстарды қолдануға дайындық – өз әрекетін іске асыру үшін ақпаратты қолданып дәлелді шешім қабылдай алуы.

5) Әлеуметтік әрекетке дайындық – ортақ мәселені шешуде басқа адамдардың мүддесін қорғау және басқа адамдардың мүмкіншілігін пайдалануы.

6) Коммуникативті сәйкестік – мәселені шешуде өз көзқарасын қорғау және адамдардың құндылықтарына (діни, этникалық, кәсіптік, жекелік) құрметпен қарауы.

Портфолио – кітапханашының жетістіктерін бақылаудың (тексерудің) жаңа нысаны. Портфолио оқытуды бағалау және өзін-өзі бағалау болып табылады. Портфолионы кітапханашыны әрекетін рефлексиялау құралы ретінде пайдалану қазіргі танда өзекті мәселе болып отыр. Рефлексия дегеніміз – кітапханашы өз әрекетін талдауы, тануы, өз әрекетіне басқаның көзімен қарауы. Рефлексия – кіріккен, кешенді жүйе (пәндік, педагогикалық, психологиялық).

Рефлексивтік әрекетті білетін кітапханашы

1) өзінің әрекетін зерттей алады,

2) өз әрекетіндегі проблемалық мәселелерді біледі,

3) өзінің мотивтерін оята алады, яғни қиыншылықты шешу жолдарын таба алады,

4) өзінің кәсіби әрекетін диагностикалаудың тетіктерін біледі,

5) кейбір негативтік (жағымсыз) салдарларды болжай алады.

Портфолио – көп мақсатты құжат. Портфолио мақсаттарына қарай әр түрлі болады.

1) Жетістіктер портфолиосы – кітапханашының жетістіктерін жинақтау: а) іс-шараларды өткізу саласы, ә) тәрбие жұмысы, б) білімнің сапасы, в) шығармашылық жұмыс және т.б.

2) Проблемалық бағыттағы портфолио: а)қиындықты шешудегі жолдар көрсетілген, ә)шешу жолдары жазылып жинақталған портфель.

3) Тақырптық портфолио – белгілі тақырып бойынша ізденіс: зерттеу жұмысы және оның нәтижесі жинақталған портфель.

4) Рефлексивтік портфолио – кітапханашының жасаған жұмыстарына өзіндік бағалау, талдаулары жинақталған портфель.

5) Классикалық портфолио – портфолионың ен көп тараған түрі. Жүмыстың сапасын бағалау проблемасы өзекті мәселе екіндігі белгілі. Портфолиодан кітапханашының жалпы мәдениетін, ой өрісінің кейбір тұстарын, өзін дамытудың нәтижелерін көруге болады.

Портфолионың құрылымы.

Портфолионың қай түрі болса да материалдар жиынтығы болып табылады. Олардың саны әр түрлі болады. Жиі қолданылатын түрі – классикалық портфолио. Классикалық портфолио төрт бөлімнен тұрады: 1) «Портрет», 2) «Коллектор», 3) «Жұмыс материалдары», 4) «Жетістіктер»

«Портрет» бөлімінде кітапханашы тұралы толық мәлімет беріледі. Егер «Жетістіктер портфолиосы» болса, бұл бөлімде жетістіктердің қысқаша тарихы болу керек.

«Коллектор» бөлімінде кітапханашы авторлық етпейтін материалдар келтіріледі. Кітапханашы өзінің проблемалық тақырыбы, зерттеу жұмыстары жөнінде ақпараттарда бар мәліметтерді оқып, жүйелеп көрсетеді. Бұл бөлімде кітапханашының оқырмандарға ұсынған материалдары (жаднама, үлгі, әдебиеттер тізімі). Жалпы коллектор дегеніміз – ақпараттар мен материалдар жиыннтығы. Бөлімнің соңында кітапханашы өз пікірін жазады.

«Жұмыс материалдары» бөліміне кітапханашы жұмысындағы жүйеге келтірілген, жинақталған материалдары салынып, соныңда кітапханашының өз талдауы, бағасы берілуі керек.

«Жетістіктер» бөліміне кітапханашы озық нәтижелері мен жетістіктерін көрсететін материалдары салынады.

Портфолионың құрылымы өзгеруі мүмкін, себебі портфолионың құрылымын оның мақсаты анықтайды.

Портфолионың мазмұны

Портфолио – колжазба және ксерокөшілмерлерден тұратын материалдар салынған папка – жинаушы болып табылады. Портфолиода қыска мәтіндер, схемалар, кестелер, графиктер, диаграммалар, есеп берулер(отчеттар), байқаулар, жоспарлар және зерттеу нәтижелері, таспа және бейнематериалдар, анықтамалар, грамоталар, сертификаттар және т.б. болуы мүмкін.

Кітапханашы жұмысының динамикасын байқауы үшін портфолио элементтеріне мерзім (күні, айы, жылы) қойылуы керек.

Портфолио окытудың дәлелді факторы болып таблады, себебі кез келген құрылымы кітапханашыны дамуға бағыттайды. Портфолиомен жұмыс істегенде кітапханашы өзін-өзі бақылауды ұйымдастырады, өзінің жетіктістерімен мүмкіндіктерін бағалайды, жұмыс үдерісі қалай өткенің саралап қорытынды жасай алады. Демек, портфолио – кітапханашыны өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі бағалауға тәрбиелейтін құрал.

Раисова А.Е. — кітапхана бөлімнің маманы

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ

Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ

Мукатова О.А.Дощанова З.А.,

мектеп кітапханашылар, Қостанай облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.