Қызылорда обылыстық білім басқарасы, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарасы және Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында
30 наурыз күні «Полицияның жас көмекшілері» жасақтарының І облыстық форумы болып өтті.
Форумның мақсаты білім және тәрбие беру бағытында мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен серіктестікті дамыту, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және құқықтық сана-сезімін арттыра отырып, оқушыларды құқық бұзушылықтың алдын алуға тарта отырып, құқық бұзушылықты болдырмау. «Полицияның жас көмекшілері» жасақтары қызметін жандандырып қатарын көбейту.
Форумға облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Искаков Олжас Ермекұлы, облыстық ішкі істер департаменті, жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Нағметов Ғалымжан Мұратбекұлы, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Бектасов Есалы Алтайұлы, облыстық жастар ресурстық орталығы, «Жас құрылысшылар» жасағының жетекшісі Жұмабеков Сәдірбек Қасымтайұлы, облыстық наркологиялық орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сейілханова Гүлайым Шарипқызы және Қызылорда қаласы мен аудан мектептерінен 80-ге жуық мектеп оқушылары қатысты.
Форумның бірінші бөлімінде «Менің елімнің болашағы — менің қолымда» аты құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, зорлық — зомбылықтың алдын алуға арналған көрмеде Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен қатар қала мектептерінен келген оқушылар форум қонақтарына өз жұмыстарын таныстырды. Көрмемен танысу барысында қатысушылар оқушылар шығармашылықтарына аса қызығушылық таныта отырып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Одан әрі «Полицияның жас көмекшілері» жасақтарының І облыстық форумының ашылу салтанатына жалғасты.
Форумды облыстық білім басқарасы басшысының міндетін атқарушы Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы ашты.
А.Бақтыбайқызы өз сөзінде қазіргі таңда жасөспірімдер арасынағы қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы айта келе, «Полицияның жас көмекшілері» жасақтарының жұмыстарына тоқталып өтті. Бұндай арнайы жасақтар облыста 207 мектепте нәтижелі жұмыстар жасап жатқандығын айтты.
Осындай «Полицияның жас көмекшілері» жасақтарының қатарын көбейтіп алдағы уақытта бұдан да тиімді жұмыстар атқарылатындығын айта отырып, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарамасының аға инспекторы, полиция майоры Бектасов Есалы Алтайұлымен бірге «Полицияның жас көмекшілері» жасағы құрамына жаңадан мектеп оқушыларын қабылдап, төс белгілерін тапсырды.
Облыстық жастар ресурстық орталығы, «Жас құрылысшылар» жасағының жетекшісі Жұмабекова Сәдірбек Қасымтайұлы форумға қатысушыларға сәттілік тілеп, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда арнайы топтардың маңызды істер атқара алатындығын айтып, таныстырылым жасады. «Жас құрылысшылар» отрядың белді мүшесі, балалар үйінің түлегі қазіргі таңда Америка құрама штатында дәріс алып жүрген Далиев Қуаныштың қазақтың қара домбырасымен өрнектелген жалынды сәлемін жолдады.
Жасөспірімдер арасында есірткіге, зорлық-зомбылыққа, құқық бұзушылықа қарасы және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған эссе жазу және сурет салудан өткен шара жеңімпаздары арнайы Алыс хаттармен марпатталды.
Форум соңында қатысушылар естелік суретке түсті.
Анар Елеусізқызы,
Қызылорда қаласы,
«Білім айнасы»