Home » Таным » «Махаббатқа толы жүрек!» Семинар-тренинг

«Махаббатқа толы жүрек!» Семинар-тренинг

Мақсаты: Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттері:
— Педагог пен ата-аналар арасында тиімді серіктестік құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.
— ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
— ата-ана мен педагог арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Қажетті құрал — жабдықтар: маркер, плакат, магнит тақталар, интерактивті
тақта.
І. Сәлемдесу. Тренингтің тақырыбымен таныстыру. (слайд)
ІІ. Танысу (3 минут)
Шаттық шеңберіне тұрып, танысамыз. Барлығымыз өз есіміміздің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтып танысамыз.
Мысалы: Мейірімді Мейрамгүл, Мен жайдары Жұмакүл, Мейірімді Мейрамгүлмен келдім.
ІІІ. Топқа бөлу.
Күн және жүрекшелер  таратылып, екі топқа бөлінеді.
ІV. «Тренинг- жаттығулар».
1 – бөлім. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, махаббатқа толы бақыт әкеледі. А.С.Макаренко. (слайд)
Тапсырма: Сіздің ойыңызша махаббатқа толы жүрек  қандай болу керек?
Жауапты сызба түрінде беру керек.
Дайындалу уақыты: 5 минут.
Екі топтан екі кісі шығып қорғайды.
2 – бөлім. (слайд)
«Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы. Жаңа инновациялық технологияны пайдалана отырып,  ата – аналардың педагогикалық білімдерін арттыру.
Слайд арқылы  жасырынған сұрақтарды тауып, тез жауап береді.
1.  Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешісінің толық аты — жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
9. Балаңыздың ең жақын досы кім?
3 – бөлім. «Алғысым шексіз сіздерге…»
Нұсқау: Бұл тапсырма ата-аналардың ішкі сезімдерімен бөлісіп, сүйетін адамдарына деген жылулық сезімдерін білдіруге арналады. Тапсырмада әр ата-ана параққа 20 адамның есімдерін жазып, алғыс білдіреді
4 – бөлім. Ойын «Менің көңілді портретім».
Нұсқау: ата-аналарға ақ парақ таратылып, қарамай өздерінің суретін салу ұсынылады.
Интерпретация:  Суретті көргенде көңіліңіз көтерілді ме?
5- бөлім. «Бақыт қайда барасың?» Поэзия тыңдау. (Қаблиса жырау)
(ата-аналарға слайд көрсету)
Рефлексия жасау: Қандай әсерде болдыңыз?
6- бөлім. «Тренингтен алған әсерім»
Қорытындылау. (5 минут)
Құремтті қонақтар, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазып, жүрекшелерді  «Жүрек қорапшасына» салуларыңызды сұраймын.
Өз тілектерін оқып, жүрек қорапшшасына салады.
V. Қорытынды.
Бүгінгі тренингті Елбасымыздың мынандай сөзімен қорытындылағым келеді.
«Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». Әрдайым  жүректеріңіз шексіз махаббатқа толы болсын!

                            

 

А.Қ.Таубаева
№50 «Жұлдыз» балабақшасы МКҚК
 ІІ-санатты педагог-психолог
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.