Home » Балабақша » Пирниязова Жұлдыз Базарбаевна. Үздік директор – біздің көшбасшы

Пирниязова Жұлдыз Базарбаевна. Үздік директор – біздің көшбасшы

Ұстаз – болу жүректің батырлығы.

Ұстаз – болу сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу мінездің күн шуағы.

Азбайтұғын адамның алтындығы – Ғ.Қайырбеков ақынымыз айтқандай. Мен «Үздік директор – біздің көшбасшымыз деп  Титанова Марям Үсеновнаны» айтар едім.

Титанова Марям Үсеновна 1974 жылы 01.04 күні  дүниеге келген. Педагогикалық еңбек жолы 25 жыл бойы атқарып келеді. Біздің балабақшамызда 2015 жылы 01 ақпанынан бастап Мұнайлы ауданында № 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК ашылып директор қызметін атқаруда.

Марям Үсеновна Мұнайлы ауданы, № 9 «Бәйтерек» балабақшасының МКҚК-ның педагог-психологы. Жаңашыл шығармашыл, қабілеті жоғары, үнемі ізденіс үстінде жүретін жоғарғы санатты педагог.

Марям Үсеновна Ізденімпаз үздік директор – біздің көшбасшымыз ретінде кішкентай сәбилерді адамгершілікке, имандылық бағытында тәрбиелеуге, ұрпақ бойына ата дәстүрін сіңіруге еңбектенеді. Өз білімін көтерумен шұғылданады, ұжымда, ата-аналар арасында үнемі белсенді және беделді.

Марям Үсеновна ізденімпаз педагогтың шығармашылығындағы ерекше тұсы-оның психологиялық жұмыс бағыты түрленіп, сәбидің жүрегінен жол таба білуі. Жаңа заман талабына сай баланы психологиялық дамыту түрлерін өз жұмысында тиімді қолдана білетін шебер үздік директордың бірі.

«Ұстаз» — құрметті сөз. Ол адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезіміне қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өміріне дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалып, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек. Марям Үсеновна басшылықпен қоса  «педагог-психолог» мамандығын қатар алып жүрді.

Марям Үсеновна сонымен қатар аудан көлемінде өткізіліп жатқан іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын үздік директордың бірі. Еңбегі де өте жоғары дәрежеде бағаланған.Оған мысал: Аудандық «Жаңашыл басшы – 2017 » байқауына қатысып ІІ орынға ие болды, 2017 жылы Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім берудің 100 жылдығына арналған «Заманауи мектепке дейінгі білім беру  жаңа үрдістер, түйінді мәселелер, даму келешегі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып «Сертификатпен» мараппаталды. 2016 жылы «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау обылыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі. Құрмет Грамотасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, білім жүйесіндегі көпжылдығы қажарлы еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім берудегі шығармашылық жетістіктері және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсеткені үшін  Мұнайлы ауданы № 9 «Бәйтерек» балабақшасының директоры Марям Үсеновна марапатталады.2017 жылы Мұнайлы аудандық білім бөлімі «Алғыс» Білім жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жеткен жетістіктері үшін  № 9 «Бәйтерек» балабақшасының  директоры Титанова Марям Үсеновнаға алғыс жаряланады. 2016 жылы Маңғыстау обылысының Білім Басқармасының  Маңғыстау Обылыстық Мектепке Дейінгі Тәрбие мен Оқыту Орталығы «Алғыс» Мұнайлы ауданы  № 9 «Бәйтерек» балабақшасының  ұжымына «Білімді ел – мәңгі ел» білім беру қызметкерлерінің обылыстық тамыз педагогикалық кеңесінің сексиялық отырысын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін.

2017 жылы Мұнайлы аудандық білім бөлімі «Диплом» 2016-2017 оқу жылындағы білім беру саласын дамытуға, жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел                     келешегіне ықпал етіп, сапалы білім мен тәрбие беруде жеткен жетістіктері                           және қосқан үлесі үшін            «Үздік Мектепке Дейінгі Ұйым — 2017 » № 9 «Бәйтерек» балабақшасы марапатталады.Тәрбиеленушілері аудандық, обылыстық шараларға қатысып  жүлделі орындармен марапатталған. Олар: 2016 жылы «Астанам – бас қалам» сурет байқауынада Қанатбайұлы Дарын «Бас жүлде» және осы байқаудан аудан бойынша «Бас жүлдеге», Оспан Арай «Әнші балапан» байқауында І орынға ие болды.Ел ордасы-Астана күніне орай «Астанам бас қалам» сырттай обылыстық сурет байқауына қатысып Аллаяров Ерғазы ІІ орынға ие болды. Марям Үсеновна Ол 25 – жылдам астам еңбек өтілімен балабақшада қызмет етуде. Осы жылдар арасында баспа құралдарына және ғаламтор сайыттарында мақалалары жарық көрді. Бірнеше біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Балабақша тәрбиеленушілерімен психологиялық бала дамуына әр түрлі әдістерді қолданды. Атап айтқанда, құм терапиясы, арт терапиясы, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған құралдар, ертегі терапияларымен жұмыстанды. Ата-аналармен кеңестер жүргізіп, сауалнамалар арқылы бала мен ата-ана және тәрбиеші арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сөздік қорын толық емес және агрессивті, гипербелсенді, дарынды балалармен жұмыстанды. Психологтың шығармашылық тақырыбында «Ұсақ саусақ моторикасын жаттықтыру арқылы баланың тілін дамыту». Бала тілін дамытуда ұсақ моторикаға арналған көптеген құралдарды пайдаланып, ТРИЗ технологиясы, М.Монтессорий педагогикасы арқылы өзінің жұмыстарын жинақтап, жұмыстануда.

Шәкірт-ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен  біліктілікті шыңдау әректеіне жағымды ықпал етері анық.Сондықтанда ұлағатты ұстаз Марям апай  секілді мен де шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялатып, жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, ұлттық құндылықтарымызды құрметтейтін, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелегім келеді.

 

Пирниязова Жұлдыз Базарбаевна,
Ақтау қаласы Мұнайлы ауданы
Маңғыстау  5 елдімекен
№ 9 “Бәйтерек балабақшасы”
ағылшын тілі мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.