Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) » Пилоттық мектеп мұғалімдеріне әдістемелік және  курстан кейін  қолдау көрсету

Пилоттық мектеп мұғалімдеріне әдістемелік және  курстан кейін  қолдау көрсету

15-ші наурызда пилоттық мектептермен атқарылатын жұмыс жоспарына сай шығармашылық топ Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылының «»Абай атындағы мектеп — балабақша кешені»» КММ –не  пән мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету мақсатында іссапар ұйымдастырды .  Шығармашылық топ құрамына мектеп жанындағы педагогикалық шеберлік орталығының менеджер – әдіскері Д.Үсенова, педагог- психолог  А.Жоламанова,  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Б.Асылбекова және   педагог-ұйымдастырушы -куратор М.Биахметова кірді.

Аталған ұстаздар жоспарланған іс-шаралар аясында  ауыл мұғалімдері үшін «Негізгі мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін мета-когнитивті дағдылар арқылы дамыту» тренингін, «Оқу сауаттылығы- оқу үдерісінің негізі» тақырыбындағы семинар-практикум өткізді. Аталған семинарға  мектеп мұғалімдері түгелдей қатысып, көкейтесті сұрақтарына жауап алды.

7-8 сынып оқушылары «Эмоциялық интеллект — тиімді қарым-қатынастың негізі»   тренингінде белсенді ойындар арқылы эмоцияны басқару жолдарымен танысты.

Оқудан кейінгі қолдау көрсету барысында  менеджер- әдіскер  3-4 сынып мұғалімдерінің сабағына қатысты. Сабақтан кейінгі  кәсіби әңгіме барысында  мұғалімдер оқу  мақсаттарына сәйкес сабақтың кезеңдерін тиімді жоспарлауға  көмектесетін негізгі бағыттарды анықтау маңызды екенін түсінді.

ПШО  менеджер-әдіскері «Үй жұмысы – негізгі мектеп оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың нысаны ретінде» атты семинар өткізді.  Семинар барысында мұғалімдер үй тапсырмасын орындаудың  қағидаттарын, ауқымы мен уақытын анықтауға мүмкіндік алды, үй тапсырмасын тексергенде әр түрлі жұмыс түрлерімен танысып, әр деңгейлі тапсырмалардың негізгі мағынасын анықтады. Семинарға қатысушылар үй тапсырмасының материалды меңгерудегі маңыздылығын, үй тапсырмасының әртүрлі түрлерін дұрыс қолдану оқушылардың  өз бетімен  жұмыс істеуге  әкелетіндігін түсінді.

Дидар Үсенова,
Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік
мектебі жанындағы педагогикалық шеберлік орталығының менеджер – әдіскері

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.