Жақында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың «Өзін-өзі тану» тренерлері Р. Нұрова мен Б. Қараеваның ұйымдастыруымен облыс көлемінде дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Маңғыстау гуманитарлық колледжінің, Ақтау қаласының №12 орта мектебінің, №40 «Толқын» балабақшасының, Мұнайлы ауданының №11 орта мектебінің, Бейнеу мектеп-интернатының «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері және әдіскерлері қатысты.
Пилоттық білім беру ұйымдарына әдістемелік семинардың қорытындысы ретінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел мониторинг жүргізу туралы болды.
Мониторинг – бұл білім беру ұйымының оқу-тәрбие үдерісіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың тиімділігін бағалаудың құралы. Мониторингтен алынған нәтижелер пилоттық білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне түзетулер мен толықтырулар енгізудің негізі болып табылады. Мониторингтің мақсаттары мен міндеттері түсіндірілгеннен кейін, зерттеу нысандары мен кезеңдері нақтылап айтылды. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын пилоттық ұйымдарда енгізудің үздік тәсілдері талқыланды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өз тәжірибелерін ортаға салды, шабыттанып, өлең шығарып, ән шырқады.
Б. ҚАРАЕВА,
Деңгейлік бағдарламалар орталығының
«Өзін-өзі тану» тренері