Home » Айтарым бар » Пилоттық білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесі

Пилоттық білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесі

Жақында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының өзін-өзі тану тренерлері Р.Нұрова мен Б.Қараева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» жобасы бойынша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесін ұйымдастырудың сапасын мониторингілеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Мониторинг Маңғыстау облысы бойынша 5 пилоттық білім беру ұйымындарында — Ақтау қаласындағы №10 «Толқын» балабақшасы, Ақтау қаласындағы №12 орта мектеп, Бейнеу ауданындағы Бейнеу мектеп-интернаты, Мұнайлы ауданындағы №11 орта мектеп, Ақтау қаласындағы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледждерінде жүргізілді.

 Мониторингке облыстық білім басқармасы, облыстық, Ақтау қалалық мектепке дейінгі орталық мамандары, облыстық әдістемелік орталық, Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы әдіскерлері және пилоттық білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.

Қазіргі таңдағы білім берудегі мәселелерді жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар білім берудің тірек нүктесі болғанда ғана, басқаша айтқанда осы құндылықтар берілетін барлық білімдермен ортақ тұтастық құрған жағдайда ғана шешуге болады. Білім беру үдерісінің тұтастығын, адамилығын және рухтануын қамтамасыз ете отырып, «Өзін-өзі тану» пәнінің өзекті пәнге (мета пән) айналуы маңызды. Мектептерде қоғамға, елге, адамзатқа қызмет ету, парыз, ар-ұждан, әділдік идеяларымен ұштасқан ахуал құру қажет.

Тренерлердің алдында осы ізгілікті білім беру ортасын құру тиімділігіне сараптау жүргізуді жауапкершілікпен өткізу мәселесі тұрды. Пилоттық білім беру ұйымдарындағы өткізілген өзін-өзі тану сабақтары, интеграцияланған сабақтар, сыныптан тыс шаралар, ата-аналармен жүргізілген жұмыстар педагогтардың рухани-адамгершілік білім беру тұрғысында білім беру үдерісін ұйымдастыруда көзқарастарының өзгергендігін, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуда кәсіби құзіреттілігінің өскендігін байқатты. Мониторинг қорытындысы бойынша біліктілік арттыру курстарының мазмұндарына толықтырулар енгізілді және курстан кейінгі кезеңдерде педагогтарды қолдаудың тиімді бағыттары анықталды.

Рысгүл Жұмажанқызы НҰРОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша
ПҚ БАИ ДБО тренері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.