Home » Балабақша » Періштелер мекені

Періштелер мекені

Біздің  Шымкент  қаласындағы №31 «Салтанат»  бөбекжай- балабақшасының іргетасы сонау 1938  жылы қаланған. Бұл балабақшадан тілі былдырлаған қаншама бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттап, түлек атанып мектеп қабырғасына жол тартуда . Қаншама бүлдіршіндердің күнәсіз, кіршіксіз мөп-мөлдір күлкісі  тәп-тәтті  ұйқысы былдыр-былдыр сөйлегендері, ата-аналарын ғана емес  балабақша тәрбиешілерін де қуанышқа, шаттыққа бөлеп жүргендігі  ақиқат.
«Салтанат» балабақшасы тамырын тереңге жайған алып бәйтерек секілді. Дәл осындай алып бәйтеректің саясында балапандарымыз саялап, елінің мақтан етер азамат, азаматшалары болып қаншама ұл- қыздарымыз шықты. Біздің осынау қоғамымызда көзімізге іліге бермейтін жәйттер көп екен. Соған дәлел ретінде айтарым жас ұрпақты тәрбиелеуде  балабақша ұжымының  еңбектері орасан зор. Балабақша ұжымдары болашақ ұлт буындарын даярлайтын ұмытпайық!

 

 

 

Досалиева Жанат,
Шымкент қаласы,
№31 «Салтанат»  бөбекжай- балабақшасының
тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.