Home » Оқу-әдістемелік материалдар »     Педагог мамандардың  жеке тұлғасын дамытуға арналған  тренинг (жаттығу) əдістемелері

    Педагог мамандардың  жеке тұлғасын дамытуға арналған  тренинг (жаттығу) əдістемелері

Өркениеттің басты мақсаты –
адамдарды ойлауға үйрету.

                                      Т.Эдисон

    

Бүгінгі мектеп психолгтары мен мұғалімдердің алдында үлкен күрделі міндеттер тұр, оны шешу үшін кәсіби білім мен іскерлікті меңгеру керек.      Мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі мектеп педагог-психологі рөлі ерекше деп атауға болады, өйткені олардың бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, әрі жан-жақты жетік қалыптасуына жол ашылады, баланың жекедаралық, шығармашылық, әлеуметтік қалыптасуына негіз беріледі.

 

                                      «Қожайын» жаттығуы

Əрбір жеке тұлға — өз ісінің қожайыны. Кəсіпкер, басшы, директор жəне т.б. қызметтер де қожайын болудың бір саласы. Адамның қожайын сезімін ояту үшін, тренингке қатысушыларға жаттығу жасату қажет. Біз топ мүшелерінің ішінен бір қатысушыға қожайын рөлін ойнау ұсынады. Барлығы оны қожайын ретінде санауы керек. Ол барлығына бұйрық береді. Дауыс ырғағы көтеріңкі, жуан, аудитория еститіндей темпте болуы міндетті. Ол қатысушыларға кез келген əрекетті бұйрық  беру арқылы орындата алады. Ескерту: Барлық  қатысушыларға осы рөлде ойнауларына болады. Соңында топ оның рөлді қалай ойнағандығын бағаланды (0-9). Егер қатысушы 0 балл алтын болса одна жаттығу қайталанады. Қожайын қызметіне түсу үшін қатысушыға  өзіндік ішкі дайындық, ойын тиянақтауға  уақыт берілді.

 

                                       «Ішкі сәуле» жаттығуы

Жаттығу жас мамандармен жеке-жеке орындалды. Мақсаты: ішкі тыныштықты қалпына келтіреді жəне шамадан тыс шаршаудан көмектеседі. Жаттығуды орындау үшін дəрігерлерді ыңғайлы етіп орналастырдық.   Ережесі: Егер орындықта отырса аяқты еркін созып, басты артқа түсіріп, қолды алдыға қою керек. Қатысушылар толық ыңғайлы жағдай жасағаннан кейін оларға көзді жұмып жаттықтырушының айтқанын сезінуді талап еттік. Қатысушыға: «Сіздің басыңыздың ішінде, жоғары жағында жарық сəулесі пайда болды. Жарық сəуле жарқырап басыңыздан төмен асықпай қимылдап барады. Өзінің қозғалысымен беттің барлық бөліктерін, мойын, қол, йық жəне т.б. мүшелерді жылы жəне жайлы жағдайға түсіріп жарқыратып кетіп барады. Жарық сəуле жүріп өткен жердердің қыртыстары жазылды, көздің жарығы ашылды, иық кеңейді жəне т.б.» — деген сөздермен қатысушылардың бойына жаңа талпыныс күшін ұялатып, шаршауды басады, рахаттану сезімін орнатады. Дəрігерлерге жаттығуды орындағаннан кейін мына сөздерді айтқыздық: «Мен жаңа адам болдым! Мен күшті, шыдамды адам болдым! Мен барлық істі жақсы орындаймын!».

 

                  «Жеке тұлға жəне маман»  жаттығуы

Мақсаты: Өзінің кəсібіне деген қатынасы: психикалық қуат көзінің тасуы, мəселелерді басқара алуы, бөле білуі, ішкі күштерді анықтау жəне өсу бағытын түсінуі. Жұмыста жағымсыз эмоцияның, қысымның күшеюіне қарай психологиялық қолдауды алуы.  Жаттығу сəлемдесуден басталады. Жүргізуші Сіздер Нобель сыйлығының иегері болып жатырсыздар. Сіз туралы қандай тақырыпта мақала жазылсын. Мысалы: «Ең батыл мұғалім»,  «Білікті маман»  жəне т.б. Қатысушыларды бір сəт болашаққа саяхат жасату арқылы таныстыру. Мəселенің өзектілігі психологиялық тұрғыда жеке тұлғаның барлық уақытта кəсіби дамуға, біліктілігін жетілдіруге дайын болуы, жаңа білім мен іскерлікті толықтыру əрекеті, өзіндік ынтасы мен талпынысынан көрінеді. Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

                   

              «Менің жұмысым» ассоциация жаттығуы

Нұсқау: бір парақты бес сызыққа бөлеміз. Бірінші сызыққа 16 ассоциациялық сөз топтастыра отырып, 8 ассоциациялық сөз қалдыру. Үшінші қатарға  тағы сөздерді біріктіре отырып 4 – ассоциациялық сөзге əкелу. Екінші қатарға 2-сөзге соңғы қатарға бір сөзге əкелу болып табылады. Психологиялық қолдау көрсету жəне кері байланыс:   Бір парақты төртке бөледі, үш бөлігіне оң жағындағы үш адамға жағымды мағынада, сол адамда қай жағы жақсы дамыған, ал қай жағына көңіл бөлуі қажет екенін жазып беру. Ал төртінші бөлікке өзінен бүгінгі кездесуден алған əсері туралы жазып қалдыруды сұрау.

                             «Қысым жəне босаңсу» жаттығуы

Бұл жаттығу қиын науқастармен жұмыс жүргізгеннен кейін денедегі қысым мен тітіркенуді шығарып тастауға бағытталған.  Қатысушылар тік тұрып өздерінің оң қолдарына барынша қысым туғызады. Бірнеше секунд өткеннен кейін қолын босатады. Келесі қолына да осындай жаттығу жүргізеді.

                        «Зейінді аудару» жаттығуы

Педагог бір іс-əрекет түрінен басқаны жеңіл жəне тез ауыстыруды білу қажет. Ең маңызды ықпалы жаттығудың əдістері, ішкі құбылмалы қабілеттілігінің дамуы жəне зейіннің тез ауысуына спорттық ойындардың ішінде доппен ойнау болып табылады. Ал педагог қызмет үстінде ондай спорттық ойындарды ұйымдастыруы мүмкін емес. Сондықтан, дем алу арасында арифметикалық есептер шығару, 1-ден 100-ге дейін дұрыс жəне кері санау.                              

                       «Кемпірқосақ» жаттығуы

Масаты: Қатысушылардың бойындағы жағымсыз жəне жағымды қасиетті анықтау. Қорқыныш пен үрейден арылуға ықпал ету. Қажетті құрал: Таза ақ парақ, қалам, қайшы, түрлі-түсті бояу.Нұсау: Кемпірқосақ ойынында жағымсыз қасиеттің біреуін таңдау, екінші жағымды қасиеттің біреуін таңдап алып үлкен əріптермен жазамыз, ортасына кемпірқосақты түрлі-түсті түспен жалғаймыз. Қатысушылар жағымсыз қасиеттерінің бірін таңдап алады. Олардың қай жерінде орналасқанын, адамның қай дене мүшесінде екенін салып, қырқып аламыз (қолда, жүректе, мида т.б). Көздерін жұмып, мен өз бойымдағы жағымсыз қасиеттен құтылдым. Жыртып тастау. Кемпірқосақ салынған бос орынға жағымды қасиетті жазып қою.   Əрбір жаттығу жас маманның өзіне деген сенімін оятуға, қызмет бабында кездесетін қиындықтарды жеңуге ықпал  жасауға арналды.

 

                              Жақсы көңіл-күй гимнастикасы

Ең алдымен бет-əлпет бұлшықеттерін жаттықтыру қажет.

  1. Маңдайыңызды жиырып, одан кейін жазыңыз. Оны 10-15 рет жасауға болады, қашан сіздің бет-əлпетіңіздің бұлшықеттерінің жай, жағымды шаршауын сезінгенше жасалады.
  2. Қабақ түюден, түңілуден арылу үшін келесі жаттығуды орындау керек: көзіңізді жұмыңыз. Сосын неғұрлым қабағыңызды қысыңыз. Кейін көз ашпай, бұл қысылуды жазыңыз жəне бет-əлпет терісін əр жаққа тартқандай болыңыз. Бұл жаттығуды тек таңертең емес, сонымен қатар күнде бірнеше рет жасауға болады.
  3. Ваннаға кіргеннен кейін айна алдына тұрып, жақсы нəрсені еске алыңыз. Кейін сіз қандай іспен айналыспаңыз шағын үзіліс табуға жəне 2-3 минуттай бір жерге барып (ванна, əжетхана) жағымды музыканы ысқырып тұрып айтыңыз, секіріңіз, тентек болыңыз. Жалпы айтқанда бала қылықтарын көрсету – жастықтың, жанның, психиканың, жүйке-жүйесінің сақталуының белгісі.

 Қорытынды «Жүректен шыққан жылы сөз- жүрекке жол табады» демекші жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға көңіл көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әрбір айтылған жылы сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір-бірімізге жылы сөздер айтқан дұрыс. Бүгінгі алған жағымды әнергияларыңыз бойларыңызға ұзақ уақыт сақталатын болады.

 

 

 

Мыңбаева  Лариса Жақсыбайқызы
Әлкей Марғұлан атындағы
№40 мектеп лицей
педагог – психологы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.